Пред.
След.
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
Главная \ Новости и события

Благотворительность — оказание бескорыстной (безвозмездной или на льготных условиях) помощи тем, кто в этом нуждается. Основной чертой благотворительности является свободный и непринуждённый выбор вида, времени и места, а также содержания помощи.

Сергей Иванов, глава фонда помощи детям.

Новости и события






Ұлттық қауіпсіздікке қатер төндірмейік 26.05.2023 09:31

                                                   Ұлттық қауіпсіздікке қатер төндірмейік

 

«Ауруын жасырған өледі», «Іштен шыққан жау жаман», «Жер астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты», «Жаман үйді қонағы билейді» деп дана бабаларымыз сан ғасыр айтқан мақалдар қазіргі күні де өз өзектілігін жоғалтқан жок. Әлемде ұлтаралық татулық пен бірліктің «ерекше үлгісі» деп 30 жылдан астам уақыт аузымыз көпіріп мақтаныш етіп келе жатқан «Қазақстан Халқы Ассамблеясы», және әр түрлі ұлттардың мәдени орталықтары, «Достық үйлері» тағы да басқа көптеген қоғамдық ұйымдардың ел арасында анда санда көңірсіген шаладай бықсып тұрып, лап ете қалатын ұлтаралық жанжалдарды болдырмаудың алдын алатын жүйелі тәлім-тәрбиелік  шараларды жүзеге асыра алатын қоғамдық институттар ретіндеқалыптасып, өз миссиясын толыққанды атқара алмағандығын көрсетеді. Бүкіл түркі жұртының қасиетті қарашаңырағына иелік етіп отырған, даласында құлдық, абақты, балалар мен қарттар үйі деген болмаған, далалық  демократиясы бір ауыз сөзге тоқтаған  даналық имандылық, адамгершілік пен тектіліктің өркениетті қоғамдық қанынастарға негізделген қазақ халқы ынтымақшыл, бауырмал хәм қоғамшыл болғаны тағылымды тарихымыздан белгілі.

Әрқашан басқа ұлт диаспора өкілін «Атаның баласы» деп төріне ұсынып, аузына барын ұсынған момын қазақты «жалпақшешей» деп қасаң түсінікке берілген кезінде ата-бабалары  басқыншылықпен  келгендері, орыс «переселендері» қазақты шұрайлы жерлерін озбырлықпен тартып алып орналасса, ал құғын-сүргін дүрбелеңмен қасиетті жерімізге келген кірме, келімсектер де олардан қалыспай сулы, нулы, астықты жерлерге қоныстанып иемденіп пана тапқандығын, халық  ретінде өзін сақтап қалғандығын ұмытқан, мемлекет құраушы ұлттың  азаматтарына жікшіл-сепаратистік пиғылды қазіргі ұрпақтары  ел мен жердің иесі хәм киесі қазақты басынып, басына шығып, бейбіт күнде басына бәле тілеп дүркін-дүркін ел тыныштығын бұзуы көңілімізді алаңдатып отырған соң өз азаматтық пікірімді білдіруді жөн көрдім.Тар жол тайғақ кешудің зардаптарын бірге көріп, достығы қиындықта шыңдалған өзге ұлт диаспорасы өкілдерімен кеңпейіл қазақ халқының  ішкі жан үйлесімі жарастық табуының нәтижесінде еліміз өсу мен өркендеудің жолына түсті. Сол азапты, қаһарлы жылдардың сынағынан сүрінбей өткен достығымызға, ынтымағымызға сызат түспесе, арамызға сына қағылмаса екен деп тілейміз.

Мәжілістің  бір топ депутаттары  ағымдағы жылдың 5 сәуірінде кезінде Петропавлдағы жікшілдік-сепартистік арам пиғылдағылардың іс-әрекеттеріне дем беруші ретінде Ресейді сынағаны үшін 2022 жылы «ұлтаралық алауыздықты қоздырғаны үшін» деген айыппен әрқайсысы 5 жыл мерзімге сотталған қоғам белсенділері Д.Намазбаев пен М.Боранбайдың  қылмыстық істерін және қамаудағы Е.Нарымбаевтың  істерін қайта қарауды және 19 наурызда 19 азаматтың «Халық Кеңесі» ұйымын құрып, өзін «еркін халықпыз» деп, ал әлем мойындаған Қазақ мемлекетін «корпорация» деп атаған топтың  «басқару жүйесіне сенімсіздік білдіре отырып тәуелсіздігін жариялайтындығын» мәлімдеуінде сепаратизм белгілерінің бар-жоқтығын анықтауға және еліміздің аумақтық тұтастығын бұзуға шақырғандарды жазалауды ұсынған  Мәжіліс депутаты Е.Бапидың Бас прокурор Б. Асыловқа жолаған депутаттық сауалын және  «Ақ жол» фракциясы атынан сөйлеген  партия төрағасы А.Перуашев пен ұлт хәм тіл  жанашыры, белгілі ақын Қ.Исаның мәлімдемелерін толық қолдаймын. Мемлекет пен ұлт тағдырына қатысты мәселелерде ұлт зиялыларының, қоғам белсенділері мен қарапайым азаматтарымыздың  Петропавлдағы жікшіл-сепаратистік арам пиғылдылардың әлеуметтік желіде сепаратизмді нұсқап, соған қарсы шыққан әрекеттеріне құзырлы ұлттық қауіпсіздік және өзге де құқық қорғау органдарынан бұрын  ел хәм мемлекет мүддесі мен ұлт намысын қорғау мақсатын көздеп дабыл қаққан патриоттарымызды елімізде осыған дейін қалыптасқан үйреншікті тәсілмен  «ұлтаралық алауыздықты қоздыру әрекеттері»  ретінде дәрежеленіп айыпталып,  соттауларының заңсыздығы себепті оларды ақтауды, ал ел жер жер тұтастығын бұзуға шақырғандарды қатаң қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етулері дер кезінде мемлекет пен ұлт тағдыры үшін жасалған орынды әрекеттер деп есептеймін.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің СҚО облысы бойынша департаментінің сепаратизм дерегіне қатысты тергеу бастағанын, ал прокуратураның ведомствоаралық тобының да осы өзекті мәселемен айналысатыны, кінәлі 3 азаматтың қамауға алынғаны  туралы хабарлама да жасалды.  Осы әрекет  тек қоғам белсенділерінің дабылынан кейін ғана қолға алынды деуге болады. Сонымен бірге ұлтжанды қоғам белсенділері М.Тайжан мен басқа да азаматтарымыздың Батыс Қазақстан облысын-Ақжайық, Солтүстік Қазақстан облысының атауын-Қызылжар, Шығыс Қазақстан облысының атауын-Алтай, Петропавл қаласының атауын-Қызылжар, Павлодар облысының атауын-Ертіс, Павлодар қаласының-Керекужар, Қызылорда облысының атауын-Сыр елі, Қарағанды облысының атауын-Сарыарқа деп атау керектігі туралы, сондай-ақ жергілікті  азаматтарымыздың Жоңғар Алатауының атауын-Жетісу Алатауы, Ұйғыр ауданының атауын-Қарадала ауданы, Шонжы ауылының атауын-Әлмерек батыр ауылы ал, сол аудандағы  елді мекендерді де, сонымен бірге Қаскелең, Боралдай, Мұқыры, Доланқара  деген жоңғар қалмақтарының  батырларының атындағы елді мекендер мен тауды қазақша атаулармен атайтын уақыт әлдеқашан жетті. Сонымен бірге еліміздің солтүстігі мен шығысындағы, орталығы мен батысындағы облыстардағы елді мекендерді өздерінің тарихи төл атауларымен атап қазақыландыратын, Алаш көсемдері хәм зиялыларымыздың  есімдерімен атауды немесе ежелгі тарихи атауларымен алмастыруды ешкімге жалтақтамастан жүргізу керек деп есептеймін. Ұлттық мүддені қорғауға келгенде жан мен ақшаны аяп қалуға болмайды. Жемқорлардың шетелге асырған миллиардтаған доллар қаражаттары мен өзге байлықтарының қасында өзекті мәселеге шығарған қаржы түкке тұрмайды деуге болады.

Өз ауданымыздағы-қазаққа жат Пенжім ауылының атауын-Атамекен, Сүптай ауылының атауын-Ақсай, Тұрпан ауылының атауын-Қоңырқойнау деп өзгертіп, одан басқа Жаркент қаласының, Ават, Лесновка, Шолақай, Шежін, Диқанқайрат, Нәдек, Садыр ауылдарының, кейбір көшелердің атауларын да қазақшалау керек сияқты.  Елордамыздың атауын мың құбылтқан билік пен депутаттарымыз да облыстар мен облыс орталықтарының төл қазақи атауларын қайтаруда ұлтжандық хәм  қайраткерлік танытады және осы кезек күттірмес өзекті мәселеде шетте қалмас деп ойлаймын. Себебі, өзге тілдегі атаулармен аталатын облыс, елді мекендерді  өзінің атажұртындай көретін өзге ұлт диаспораларының жікшіл-сепаратистерінің  дүркін-дүркін үй ішінен үй тігуге бағытталған әрекеттері өр рухты, текті қазағымызды алаңдатпай қоймайды. Әрбір қолында билігі бар лауазым иесі хәм зиялы қауым ұлт мүддесі үшін жан аямай , халқына адал қызмет етсе мемлекетіміздің жан жақты дамитыны, ешкімнің бізді басынбайтыны анық.

Қасиетті қазақ жерінің, егемендігінің тағдыры қыл үстінде тұрған сәттерде, ұлтаралық жанжалдар кезінде  қазақ жерінде барлық игілікті пайдаланып, барлықтан көздерін шел басып, қазақты басынатын өзге  ұлт өкілдерінің бұғып қалатыны, тек бас көтерген ұлтжанды қазақ азаматтарының құқық қорғау органдары тарапынан Сталин кезіндегідей көзі ашық, көкірегі ояу, ұлтжанды азаматтарымызды қанды қасап репрессияға ұшыратып «халық жауы» деген жаламен азаптап, атып, итжеккенге айдағаны сияқты, тәуелсіз қазақ елінде оның заман ағымына қарай өзгерген түрі-«ұлтаралық жанжалды қоздырды» деген қалыптасқан репрессиялық баппен айыпталып, азапталып, абақтыда шенді «жендеттердің» тарапынан  небір сұмдық фашистік тәсілдерімен азапталып қылмыстық жауапкершілікке тартылып жататыны, әлі күнге дейін түрмеде отырғаны қынжылтады. Сонда Ресейдегі кейбір ұлтшыл шовонистермен еліміздегі кейбір басқа ұлт диаспорасының өкілдері қазақ жерінде аузына келгенін айтып, мемлекет құраушы ұлтты ашықтан ашық басынатыны хәм өздерін әрқашан қолдайтын Ресейге, кейбір сатқын шенділерге арқа сүйеп қазақты қорлаған әрекеттері  жазасыз қалатыны алдымен билікке де сын емес пе ? Сан ғасырлар бойымызда қалыптасып қалған құлдық психологиядан арылып, санамыз да отарсыздануы керек.

Халықаралық деңгейде егемендігі мойындалған, мемлекеттік шекарасы айқындалған ата-бабамыз сан ғасыр жанкештілікпен қанын төгіп, ерлікпен қорғап бізге аманат еткен тарихи тиесілі жерімізді бөлшектеуге ешқашан да жол беруге болмайды. Елдік және жерлік біртұтастығымызды мойындамау, ұлттар арасындағы достыққа сына қағу арқылы ұлтаралық араздықты қоздырушыларды, сепаратист-жікшілдерді құзырлы органдарымыз заң шеңберінде  өз әлеуетін пайдаланып дер кезінде ауыздықтап, Конституциямыз бен Қылмыстық Кодекске сәйкес  қатаң жазаға тартуы керек. Сонда ғана арампиғылдылар аяғын тартатын болады.

Солтүстік қақпамызда орын алған жікшілдік-сепаратистік жағдай ертеректе тәуелсіз Украйна мемлекетінде де орын алғаны себепті түбінде ол елдің еншілі жері бөлшектеуге ұшырап, елді мекендері жермен жексен болып, миллиондаған бейбіт халқы қырылып, босып кетті. Тәуелсіз елдің сан ғасырлық құлдық психологиядан арылып, толық отарсыздануға хәм әлемдік өркениетті дамыған мемлекеттердің қатарына қосылу үшін жасаған еркін қадамы үшін агрессияға ұшырап жатқан сияқты. Осындай қайғылы, келеңсіз жағдайлардың болашақта мемлекетімізде орын алмауы үшін өзіндік ұлттық идеологиямызды қалыптастырумен қатар ұлттық қауіпсіздігімізді де күшейтіп, тек Ресейдің ескі қарулары мен қарабайыр ұрыс тәсілдеріне ғана сенгенді қойып,  АҚШ, Англия, Германия, Франция, Түркия, Израиль, Норвегия тағы да басқа жан-жақты дамыған, өркениетті елдермен жоғары дәрежеде әскери-техникалық байланыс орнатып, әскери білімімізді жетілдіріп, әлемдегі ең озық қарулармен әскерімізді қаруландырып, бірлескен жаттығуларға қатысып, қорғаныс қабілетімізді жақсартып, әскери әлеуетімізді еселеп артыруымыз керек деп есептеймін.

Тәуелсіз қазақ мемлекетін сақтап қалу үшін «Сақтансаң-сақтаймын» деген  Жаратқанның ескертуі әрқашан да жадымызда жаңғырып тұруы керек. Ұлттық қауіпсіздігімізге төнетін кез келген қауіп-қатердің әрқашан алдын ала білгеніміз абзал.

 

Бекмұхамет СЕРІКБАЕВ,

«Қазақстанның Заңгерлер және Журналистер Одақтарының мүшесі»,

«Мейірім» Жаркент арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ заңгері,

 қоғам белсендісі.












«Мейірімдегі» мереке 24.03.2023 00:00

                                                                 «Мейірімдегі» мереке

 

Көктемнің жарқын мерекесі-Ұлыстың Ұлы күні Әз-Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шара «Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Мейірім» Жаркент арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2023 жылдың 20 наурызы күні жоғары деңгейде өтті. Көктемгі жаңару мен жасару мерекесіндедегі аула мен сахнаның безендірілуі, қолөнер көрмесі, бөлімдердің мол дастарханы мен ұлттық киім киген мекеме қызметкерлерінің ұлттық салт-дәстүрден көрініс көрсетуге қызу дайындығы көңілге ерекше жылылық сыйлап тұрды.

Ұлттық мемлекеттік мерекені жүргізуші Ш. Тұрсынғалиқызы іс-шараны ашық деп жариялаған соң аудандық Қоғамдық Кеңестің төрағасы А. Жақыбай, қала әкімі А. Исаев, қалалық Аналар Кеңесінің төрайымы Нағима, мекеме директоры А. Раев мекеме қызметкерлері мен қызмет алушыларды айтулы мерекемен құттықтап, жүрекжарды ізгі лебіздерін білдірді.

320 қызмет алушыға белгіленген стандартқа сай 8 түрлі әлеуметтік қызмет көрсететін Жетісу облысындағы ең ірі хәм үлгілі әлеуметтік мекемедегі іс шара мекеменің мәдени қызметкерлерінің концерттік бағдарламасына, Әз-Наурыз мерекесінің басты тағамы-наурыз көже, мол дастархандағы сан түрлі ұлттық тағамдарынан дәм тату мен әлемге үлгі боларлық салт-дәстүрлерімізден тартымды көріністер көрсету, өнер мен спорт бәсекелерін тамашалап, оларға баға беру рәсімдеріне ұласты.

Тіршілікке жылу мен мейірім нұрын сыйлаған, ырыс пен ынтымақтың мерекесі Әз-Наурыз мерекесін өткізуге мекеменің әкімшілік-басқару аппараты, медицина, асхана, әлеуметтік, шаруашылық, кір жуу және 1, 2, 3-ші корпустардың қызметкерлері ерекше дайындықпен және ынта-жігермен атсалысты.

Берекелі дастархан басында қасиетті құран оқылып, ақ баталар беріліп, ризашылық көңілмен ізгі тілектер айтылды.

Ұлттық рухымызды көтерген мейірім мекеніндегі мейірімді жандардың мерекелік іс-шараға белсене қатысу деңгейлеріне қарай әділқазылар тарапынан әділ баға беріліп, жеңімпаздар мекеме әкімшілігі тарапынан марапатталды.

 

Бекмұхамет СЕРІКБАЕВ,

мекеме заңгері

«Қазақстанның Заңгерлер және Журналистер Одақтарының мүш


Жылылық мейрамы 10.03.2023 00:00

           WhatsApp Image 2023-03-16 at 09.23.20               WhatsApp Image 2023-03-16 at 09.21.42                       

                                                            Жылылық мейрамы     

 

«Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлеккеттік мекемесінің «Мейірім» Жаркент арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «8 наурыз-Халықаралық әйелдер күні» мемлекеттік мерекесіне байланысты мекеменің мәдени іс-шараларды ұйымдастырушылары                        Н. Сыдықжанов пен Ш. Тұрсынғалиқызының ұйымдастыруымен айтулы мерекеге арналған мәдени-концерттік бағдарлама өтті.

Мәдени іс-шара ашық деп жарияланған соң мемлекетіміздік Әнұраны салтанатты жағдайда орындалды. Алғашқы құттықтау сөз мекеменің директоры А. Раевқа берілді.

Өз кезегінде мекеме басшысы жер бетіне ізгілік пен тіршіліктің жылуын әкелген мемлекеттік мерекемен еңбек ұжымындағы қызметкерлерді және барлық қызмет алушы қыз-келіншектерді құттықтап оларға өз ізгі тілегін білдірді.

Саяси-әлеуметтік маңызы зор мемлекеттік мерекенің тәуелсіз елімізде кеңінен аталып өтуі және қиындығы мен сауабы мол жұмысты аяулы жандарымыздың мекемемізде абыроймен атқарып келе жатқаны қандай да болсын құрметке лайық екенін мекеме басшысы ерекше атап өтті.

Мекеменің мәдени ұйымдастырушылары жоғары кәсіби деңгейде қызметкерлер мен қызмет алушыларды кеңінен қатыстыра отырып дайындаған мерекелік концерттік бағдарламасына іс-шараны тамашалаған көпшілік риза көңілмен қол соғып, айрықша ілтипат көрсетті.

Жүректерге жылылық сыйлаған мерекелік шара соңы би кеші мен естелік суретке түсумен аяқталды.

 

Бекмұхамет СЕРІКБАЕВ,

мекеме заңгері




1 Наурыз - "Алғыс айту күні" 01.03.2023 12:20