Благотворительность — оказание бескорыстной (безвозмездной или на льготных условиях) помощи тем, кто в этом нуждается. Основной чертой благотворительности является свободный и непринуждённый выбор вида, времени и места, а также содержания помощи.
Новости и события
«Мейірімдегі» мереке
Көктемнің жарқын мерекесі-Ұлыстың Ұлы күні Әз-Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шара «Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Мейірім» Жаркент арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2023 жылдың 20 наурызы күні жоғары деңгейде өтті. Көктемгі жаңару мен жасару мерекесіндедегі аула мен сахнаның безендірілуі, қолөнер көрмесі, бөлімдердің мол дастарханы мен ұлттық киім киген мекеме қызметкерлерінің ұлттық салт-дәстүрден көрініс көрсетуге қызу дайындығы көңілге ерекше жылылық сыйлап тұрды.
Ұлттық мемлекеттік мерекені жүргізуші Ш. Тұрсынғалиқызы іс-шараны ашық деп жариялаған соң аудандық Қоғамдық Кеңестің төрағасы А. Жақыбай, қала әкімі А. Исаев, қалалық Аналар Кеңесінің төрайымы Нағима, мекеме директоры А. Раев мекеме қызметкерлері мен қызмет алушыларды айтулы мерекемен құттықтап, жүрекжарды ізгі лебіздерін білдірді.
320 қызмет алушыға белгіленген стандартқа сай 8 түрлі әлеуметтік қызмет көрсететін Жетісу облысындағы ең ірі хәм үлгілі әлеуметтік мекемедегі іс шара мекеменің мәдени қызметкерлерінің концерттік бағдарламасына, Әз-Наурыз мерекесінің басты тағамы-наурыз көже, мол дастархандағы сан түрлі ұлттық тағамдарынан дәм тату мен әлемге үлгі боларлық салт-дәстүрлерімізден тартымды көріністер көрсету, өнер мен спорт бәсекелерін тамашалап, оларға баға беру рәсімдеріне ұласты.
Тіршілікке жылу мен мейірім нұрын сыйлаған, ырыс пен ынтымақтың мерекесі Әз-Наурыз мерекесін өткізуге мекеменің әкімшілік-басқару аппараты, медицина, асхана, әлеуметтік, шаруашылық, кір жуу және 1, 2, 3-ші корпустардың қызметкерлері ерекше дайындықпен және ынта-жігермен атсалысты.
Берекелі дастархан басында қасиетті құран оқылып, ақ баталар беріліп, ризашылық көңілмен ізгі тілектер айтылды.
Ұлттық рухымызды көтерген мейірім мекеніндегі мейірімді жандардың мерекелік іс-шараға белсене қатысу деңгейлеріне қарай әділқазылар тарапынан әділ баға беріліп, жеңімпаздар мекеме әкімшілігі тарапынан марапатталды.
Бекмұхамет СЕРІКБАЕВ,
мекеме заңгері
«Қазақстанның Заңгерлер және Журналистер Одақтарының мүш
Жылылық мейрамы
«Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлеккеттік мекемесінің «Мейірім» Жаркент арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «8 наурыз-Халықаралық әйелдер күні» мемлекеттік мерекесіне байланысты мекеменің мәдени іс-шараларды ұйымдастырушылары Н. Сыдықжанов пен Ш. Тұрсынғалиқызының ұйымдастыруымен айтулы мерекеге арналған мәдени-концерттік бағдарлама өтті.
Мәдени іс-шара ашық деп жарияланған соң мемлекетіміздік Әнұраны салтанатты жағдайда орындалды. Алғашқы құттықтау сөз мекеменің директоры А. Раевқа берілді.
Өз кезегінде мекеме басшысы жер бетіне ізгілік пен тіршіліктің жылуын әкелген мемлекеттік мерекемен еңбек ұжымындағы қызметкерлерді және барлық қызмет алушы қыз-келіншектерді құттықтап оларға өз ізгі тілегін білдірді.
Саяси-әлеуметтік маңызы зор мемлекеттік мерекенің тәуелсіз елімізде кеңінен аталып өтуі және қиындығы мен сауабы мол жұмысты аяулы жандарымыздың мекемемізде абыроймен атқарып келе жатқаны қандай да болсын құрметке лайық екенін мекеме басшысы ерекше атап өтті.
Мекеменің мәдени ұйымдастырушылары жоғары кәсіби деңгейде қызметкерлер мен қызмет алушыларды кеңінен қатыстыра отырып дайындаған мерекелік концерттік бағдарламасына іс-шараны тамашалаған көпшілік риза көңілмен қол соғып, айрықша ілтипат көрсетті.
Жүректерге жылылық сыйлаған мерекелік шара соңы би кеші мен естелік суретке түсумен аяқталды.
Бекмұхамет СЕРІКБАЕВ,
мекеме заңгері