Главная \ Новости и события \ Жолдауға қолдау

Благотворительность — оказание бескорыстной (безвозмездной или на льготных условиях) помощи тем, кто в этом нуждается. Основной чертой благотворительности является свободный и непринуждённый выбор вида, времени и места, а также содержания помощи.

Сергей Иванов, глава фонда помощи детям.

Жолдауға қолдау

« Назад

27.09.2022 13:06

                                                    Жарқын болашақ бағдары

 

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде Парламенттің VII шақырылымының үшінші сессиясында қазақ мемлекетінің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан мұраты: бірлік, теңдік, әділдік» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында елімізде барлық салада қордаланған мәселерді терең талдап, оларды шешудің жолдарын көрсетіп, Жаңа Қазақстан құруға бағытталған басымдықтарды айқындап берді.

Жолдаудың басты ерекшелігі-саяси жаңғыру алдағы уақытта экономикалық және әлеуметтік өзгерістерге ұласатынымен ерекшеленіп отырғандығында десек болады. Елді бірлікке, азаматтардың теңдігіне және қоғамдық қатынастардың әділеттілігіне Жаңа Қазақстанда баса мән берілетінінің өзі халқымыздың болашағының өз жарқын болатынына деген сенімін нығайта түсті.

Экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз ету  және фискальді реттеу ісін қайта жаңғырту мақсатында 2023 жылы жаңа Салық кодексі әзірленбек. Салық қызметін толық цифрландыру, дифференциалды салық мөлшерлемесіне көшу, салықтық ынталандыру, салық режимдерін жеңілдету шаралары кешенді әрі жүйелі түрде жүзеге асырылса бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайтуға оң ықпал ететін болады.

Президент айқындаған басымдықтардың бірі Үкіметке бюджет саясатына түбегейлі реформа жасау, Ұлттық қор қаражатын тек аса қажет инфрақұрылымдар мен мемлекеттік маңызы бар жобаларды ғана қаржыландыруға жұмсау шараларымен шектелетіні халық қамын ойлаған дұрыс шара болды десек қателеспейміз.

Бәсекеге жан-жақты қабілетті экономиканы қалыптастырудың төте жолы-шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға бағытталатыны да осы Жолдауда  кеңінен көрініс тапты. Еңбек ақы төлеу мен салық төлемдерін арттырған кәсіпорындарға мемлекет алдағы уақытта қолдау көрсете беретіні де айтылды.

Әлемдегі саяси экономикалық жағдайлардың күрделене түсуіне байланысты мемлекет қазынасын үнемді жұмсау, мемлекет қазынасын молайтатын өндірістік салаларға инвестиция тарту, озық технологиямен жұмыс істейтін инвесторларды ынталандыру, оларға салықтық және өзгедей жеңілдіктер жасау  шаралары да Жолдауда кеңінен қарастырылып отыр.

Еліміздегі ұлттық қауіпсіздігіміздің басты нысаны болып табылатын азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өндірілетін өнім көлемін, сапасын, қосымша құнын арттыру, сыртқа дайын өнім сатуға қол жеткізу, субсидия бөлу мен жұмсалуына қатаң мемлекеттік бақылау орнату, өндіріске заманауи озық технологияларды ендіру, саланы толық цифрландыру, заңсыз берілген және игерілмей жатқан ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару сияқты тың өзгерістер бұқара халық тарапынан қолдау тауып отыр.

Мемлекеттің басты құндылығы адамға жан-жақты қамқорлық жасау, денсаулығын жақсарту, ұлттық байлықты азаматтарға тең бөлу және осы мәселеде баршаға бірдей әлеуметтік әділеттілік қағидаларын қалыптастыру, әлеуметтік саланы қаржыландыру жүйесін түбегейлі өзгерту, медициналық қызмет саласын жетілдіру шаралары осы Жолдауда кеңінен қозғалған аса өзекті мәселелер болды.

Сонымен бірге білім беру ісінде «Жайлы мектеп» жобасының қарастырылуы, техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындарының еңбек нарығының сұранысына сай бейімделуі және еліміздің жаңа экономикалық бағдарының міндеттеріне сәйкес болуы керектігі де атап көрсетілді. Жемқорлардан сот үкімімен өндірілген қаржының мектептер салуға жұмсалатыны да осы Жолдауда айқындалды.

Еңбекақының нарыққа сай болуы, ең төменгі жалақы деңгейін 60 мың теңгеден 70 мың теңгеге көтеру, бала күтімі үшін төлемақы төлеу мерзімін сәби бір жарым жасқа толғанға дейін ұзарту, 2023 жылы 100 мың жасты жұмыспен қамту, жастардың кәсіпкерлігін дамыту мақсатында жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беру, әйелдердің зейнетке шығу жасын 2028 жылға дейін 61 жас мөлшерінде қалдыра тұру  мәселелері  азаматтарымыздың әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерін шешуге бағытталған аса маңызды бастамалар болды деумізге әбден болады. Жолдауда көпшіліктің қолдауына ие болған жағдай-Президенттің әрбір отбасы еліміз пайдаланып отырған ұлттық байлықтан түскен табыстың игілігін нақты көруі жөніндегі мәлімдемесі болды. Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызын балалардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударып отыру туралы Президент  тапсырмасы өскелең ұрпақтың үлкен өмірге қадам басқанда қажетіне жұмсайтын капиталын қалыптастыруға игі ықпал етеді деп сенемін.

Адам әлеуетін дамыту мақсатында тиімді көшіқон саясатын жүзеге асыру, сұранысқа ие жоғары білікті ммандар тапшылығын азайту мақсатында жалпыұлттық мүдденің ескерілуі деЖолдаудағы  құптарлық бағдар деуге болады.

Жаңа Қазақстанды құру бағытында мемлекетті білікті кадрлардың басқаруына басымдықтар беру, Үкіметтің кейбір құзыреттерін министрліктерге беру мақсатында Үкіметке жаңа әкімшілік реформалар кешенін жасау тапсырылып отыр.

Жолдаудағы айрықша айқындалған мәселенің бірі-заң үстемдігін, сот төрелігінің әділдігін қамтамасыз ету болды. Қазылар қауымын шұғыл түрде қайта іріктеп, жаңарта отырып жасақтау, судьялардың мәртебесін теңестіру, оларға әкімшілік қысым көрсететін амал-тәсілдің бәрін түбегейлі жою, аталған мәселедегі заң бұзғаны үшін жауапкершілікті арттыру, Конституциялық сотты қалпына келтіру, аппеляция институтын реформалау мәселелерінің күн тәртібіне қойылуының өзі Жолдаудың маңызын арттыра түсті.

Қазақ мемлекетінің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қасіретті қаңтар оқиғасына қатысушыларға рақымшылық жасау шараларын қарастыруы әділеттілік қағидаларын орнықтыра түсетін шара болмақ. Рақымшылық жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыруға қатысы бар адамдарға, мемлекетке опасыздық жасағаны және билікті күшпен басып алуға әрекеттенгені үшін айыпталғандарға қолданылмайтыны айқындалды.

Президенттің отбасылық зорлық-зомбылықты қылмыс санатына жатқызу туралы тұжырымы халық қолдаған шара болды. Көбінесе жапа шеккендер қорғансыз қалғандықтан есірген есерсоқтар үшін отбасында зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау үйреншікті әрі қалыптасқан әдетке айналғаны шындық. Осындай әрекеттер үшін жәбірленуші тарапынан кешірім берілгеніне қарамастан қылмыстық жауапкершілік шарасы қолданылатыны қоғам тарапынан бірауыздан қолдау тауып отыр.

Әлемде қалыптасып отырған аса күрделі  геосаяси жағдайда егемен мемлекетіміз бен баға жетпес басты ұлттық құндылығымыз-тәуелсіздігімізді нығайту, мемлекеттік билік институттарын кешенді түрде жаңа жағдайға бейімдей отырып жаңғырту, эконоиканы өркендету, азаматтарымыздың әл-ауқатын жақсарту, елімізді экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани бағыттарда өзіндік ұлттық ерекшеліктерімізді ескере отырып жан-жақты өркендету, басты реформаларды табысты жүзеге асыру бағытындағы жұмыстарды жүзеге асыру мен  халықтың жаңа сенім мандатына ие болу үшін биылғы күзде Президент сайлауын өткізу қажеттігін, Президент мандатын 7 жылдық мерзіммен шектеуді, Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауын келесі жылдың бірінші жартыжылдығында өткізуді де осы Жолдауда ұсынып отыр.

«Жаңа Қазақстан мұраты: бірлік, теңдік, әділдік» атты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы Жаңа Қазақстанның жарқын болашағының айқын бағдары десек қателеспейміз.  

«»Мың өліп, мың тірілген, тумысынан текті, ержүрек, намысты, пейілі Ұлы Даласындай дархан қазағымның көк туы мәңгілік желбіреп, әлемдегі мерейіміз әрқашанда үстем болсын демекпін !

 

Бекмұхамет СӘЛІМҰЛЫ,

«Қазақстанның Заңгерлер және Журналистер Одақтарының мүшесі»,

«Мейірім» Жаркент арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ заңгері, Жаркент қаласы.


Комментарии


Комментариев пока нет

Пожалуйста, авторизуйтесь, чтобы оставить комментарий.

Авторизация
Введите Ваш логин или e-mail:

Пароль :
запомнить