Пред.
След.
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
Главная \ Новости и события

Благотворительность — оказание бескорыстной (безвозмездной или на льготных условиях) помощи тем, кто в этом нуждается. Основной чертой благотворительности является свободный и непринуждённый выбор вида, времени и места, а также содержания помощи.

Сергей Иванов, глава фонда помощи детям.

Новости и события

   Тұғыры биік тәуелсіздік 20.12.2021 09:30

                                                 

                                            Тұғыры биік тәуелсіздік

 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған  мерекелік іс-шара Алматы обылысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Мейірім» Жаркент арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әсем безендірілген ауласында салтанатты жағдайда барлық санитарлық талаптарды қатаң сақтау жағдайында аталып өтілді.

Жүргізушілер М. Жасболат пен Қ. Айтберген айтулы шараны ашық деп жариялауымен ілесе мемлекетіміздің әнұраны шырқалды.  Орталық басшысы А.Раев қызметкерлер мен қызмет алушыларды тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерекесімен құттықтай отырып қаһарман ата-бабаларымыздың аманаты - азаттығы мен тәуелсіздігін алтын тұғырға қондырған Тұңғыш Президентіміз, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың, оның салиқалы саясатын сенімді жалғастырушы, қазіргі Президентіміз Қ.К.Тоқаевтың елі мен жері үшін сіңірген ерен еңбектерін атап өтіп, өзіндік қиындығы мол, сауапты қызметтерін абыроймен атқарып келе жатқан еңбек ұжымының барлық қызметкерлеріне жүрек тебірентерлік өз игі тілектерін білдірді.

Мекемеде игі дәстүрге айналған 50 жасқа толған бір топ қызметкерлерді қос мерекелерімен  құттықтай отырып, оларға мекеме әкімшілігі мен кәсіподақ ұйымы атынан бағалы сыйлықтар табысталды. 

Ерен еңбегімен орталықтың көркеюіне өз үлестерін қосып келе жатқан бір топ қызметкерлерге Алматы облысы әкімінің орынбасары Б.Байжұмановтың, аудан әкімі Т. Өмірәлиевтің және  орталықтың «Құрмет грамотасы» мен «Алғыс хаты»  салтанатты жағдайда табыстады.

Жүргізушілердің жырымен әдемі өрнектелген мерекелік шара көркемөнерпаздар үйірмесі қатысушыларының концертіне ұласты.

Мекемеде салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында жаңа спорт алаңы шашу шашылып ашылып, қызмет алушылардың спорттық ойындарына ұласты.

Тұғыры биік тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында орталық аумағында  ашылған спорт алаңы  мен воркаут алаңы қызмет алушылар мен қызметкерлердің денсаулықтарын шыңдап, салауатты өмір сүруіне игі ықпал етеді деп күтеміз.

 

Бекмұхамет СЕРІКБАЕВ,

«Қазақстанның Заңгерлер және Журналистер Одақтарының мүшесі», 

«Мейірім» Жаркент арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының      

 заңгері

 

Спорт алаңы

 

 

 





















Апат айтып келмейді 03.05.2021 09:00