Главная \ Новости и события \ 1 Наурыз - "Алғыс айту күні"

Благотворительность — оказание бескорыстной (безвозмездной или на льготных условиях) помощи тем, кто в этом нуждается. Основной чертой благотворительности является свободный и непринуждённый выбор вида, времени и места, а также содержания помощи.

Сергей Иванов, глава фонда помощи детям.

1 Наурыз - "Алғыс айту күні"

« Назад

01.03.2023 12:20

                                                       Мың алғыс 

 

Адам баласы әрқашанда жақсылыққа ұмтылуы керек. Тәуелсіз елімізде аталып өтіп келе жатқан сондай мерекенің бірі-«1 наурыз Алғыс айту күні» болып табылады. Барша қазақстандықтар үшін бұл мерекенің саяси, әлеуметтік және рухани маңызы зор. Елімізде тыныштық пен бірліктің салтанат құруы мемлекетіміздің дамуына игі ықпал етері сөзсіз шындық. «Мейірім» Жаркент арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің еңбек ұжымының мүмкіндігі шектеулі 320 адамға 8 түрлі әлеуметтік қызмет түрлерін сапалы көрсетуінің өзі алдымен-Жаратқанның, содан кейін-мемлекет алдындағы аса сауапты да жауапты қызмет болып табылады.

Қамкөңіл жандарға отбасындағыдай жағдай жасау, мейірім мен қамқорлықтың нұрына бөлеуде мекеме басшылығының ерекше ұйымдастырушылық жұмысын атап өткеніміз жөн болады.

Көгілдір көктемнің алғашқы күнімен бірге келген Алғыс айту күнінде мекеме директоры А. Раев қызмет алушыларға тікелей қызмет көрсетумен айналысатын барлық қызметкерлердің қиындығы көп, ауыр жұмыстарына өз атынан ризашылығын білдіріп, оларға мықты денсаулық, отбасылық бақыт тілей отырып, бір-бірімен өз ара таулықта, сыйластықта, сыпайы хәм әдепті, ізетті қарым-қатынаста,  болуды, бір-біріне шынайы жанашырлық таныта отырып, қажет жағдайда-көмек қолын созып азаматтық таныту керектігін және  өз атынан ризашылығын білдіріп, өз бөлімдеріндегі қызметкерлердің бәріне мекеме басшылығы атынан  рахмет айту керектігін бөлім басшыларына тапсырды.

Ауыр да жауапты қызметте барлық қызметкерлердің бір-біріне деген құрметі, сыйласымдылығының болуы-әлеуметтік әділеттіліктің сақталуына ықпал етеді.

Алдымен-мың алғыс саған баға жетпес ұлттық құндылығымыз-тәуелсіздігіміз және бірлігі жарасқан халқымыз дегім келеді.

 

Бекмұхамет Серікбаев,

мекеме заңгері


Комментарии


Комментариев пока нет

Пожалуйста, авторизуйтесь, чтобы оставить комментарий.

Авторизация
Введите Ваш логин или e-mail:

Пароль :
запомнить