Главная \ Новости и события \ Қарттарым - асыл қазынам

Благотворительность — оказание бескорыстной (безвозмездной или на льготных условиях) помощи тем, кто в этом нуждается. Основной чертой благотворительности является свободный и непринуждённый выбор вида, времени и места, а также содержания помощи.

Сергей Иванов, глава фонда помощи детям.

Қарттарым - асыл қазынам

« Назад

30.09.2022 13:10

День пожилых людей-4

День пожилых людей-2

День пожилых людей-1

День пожилых людей-3

                                 Мейірім нұры таралды

 

«Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Мейірім» Жаркент арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 1 қазан-«Халықаралық қарттар күні» мерекесіне арналған  мәдени іс-шараны мекеменің мәдени ұйымдастырушылардың  дайындауымен қызмет алушылар тарапынан ұсынылған мазмұнды мәдени-концерттік бағдарлама көпшілік көңілінен шықты.

Қызмет алушылар Б. Әкебасова мен А. Дахов қазақ және орыс тілдерінде жыр жолдарымен  мерекелік іс-шараны ашқан соң Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны салтанаты жағдайда орындалды.

Мекеменің білікті, ұлтжанды басшысы А. Раев 1990 жылы 14 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассемлеясының № 45/106 қарарының негізінде бекітіліп, жарияланған    1 қазан-«Халықаралық қарттар күні» мерекесінің тәуелсіз елімізде де аталып өтіп келе жатқанына қысқаша тоқталып, қазыналы қарттар мен  мүмкіндігі шектеулі  жандардың және ұстаздар күні мерекелерімен барлық қатысушыларды шынайы жүректен құттықтап, жүрекжарды игі тілегін жеткізді.

Тумысынан текті, иманды, ұлттық рухы жоғары, пейілі Ұлы Даласындай дархан қазақ халқының қанына қайырымдылық, үлкенге-құрмет, кішіге ізет сияқты қасиеттер халық болып жаралғалы сіңген ұлттық ұлы қасиеттер мен құндылықтар екенін де  сөйлеуші атап көрсетті.  Тағдырдың қиын сынағына тап болып, мүмкіндігі шектеулі жан атанған қызмет алушыларға отбасылық жағдайға жақын жанашырлық,  қамқорлық, күтім жасап келе жатқан мейірім мекенінің қызметкерлері  қандай да болсын марапатқа лайық деуге болады.

Мерекелік шара Е. Нұрғалиев пен  А. Ермолдановтің «Қайдасың»,                В. Кожемякиннің «А лето цвета...», В. Гегель мен Л. Лапинаның «Как будто мы с тобой», Д. Амированың «Беу айдай», Е. Жукованың «Танцы, танцы», Қ.Саурықовтың «Есіңе мені алғайсың»,  Е. Жукова мен В. Иванованың «Надежда», М. Исраилованың «Солнышко в руках» орындауындағы әуелеген әсем әндері мен Ж. Сексенбаеваның орындауындағы «Өзбек биі» билері  гүлмен көмкерілген мейірім мекенінің  әсем ауласын ерекше күйге бөледі.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға отбасынан артық қамқорлық көрсетіп, сауапты іс атқарып отырған мекемеден тараған мейірім нұры барлық қатысушылардың жүрегіне осы күні тағы да нұр болып таралды деуге болады.

 

Бекмұхамет СӘЛІМҰЛЫ,

«Қазақстанның Заңгерлер және Журналистер Одақтарының мүшесі»,

мекеме заңгері


Комментарии


Комментариев пока нет

Пожалуйста, авторизуйтесь, чтобы оставить комментарий.

Авторизация
Введите Ваш логин или e-mail:

Пароль :
запомнить