Главная \ Новости и события \ Деніңе-саулық, дертіңе-шипа сыйлаған

Благотворительность — оказание бескорыстной (безвозмездной или на льготных условиях) помощи тем, кто в этом нуждается. Основной чертой благотворительности является свободный и непринуждённый выбор вида, времени и места, а также содержания помощи.

Сергей Иванов, глава фонда помощи детям.

Деніңе-саулық, дертіңе-шипа сыйлаған

« Назад

16.06.2023 12:54

                                                       Деніңе-саулық, дертіңе-шипа сыйлаған 

 

Жуырда «Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Мейірім» Жаркент арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған мәдени-концерттік бағдарлама өтті.

Мерекелік  іс-шараны жүргізушілер мекеменің медицина қызметкерлеріне арналған іс-шараны ашық  деп жариялап, алғашқы құттықтау сөзді мекеменің  директоры А. Раевқа берді. Қызмет алушыларға қызмет көрсетуде өзіндік ерекшелігі бар облысымыздағы ең үлкен әлеуметтік мекеменің білікті басшысы Амантай Абдықадырұлы ақ халатты абзал жандарды төл мерекелерімен құттықтап, өз жүрекжарды ізгі лебізін білдірді. Адамның ең басты һәм қымбат байлығы-денсаулықты қорғау мен сақтауда жанқиярлықпен еңбек етіп жүрген замандастарымызға жүгінбейтін жан жоқтығы, бүкіл әлем мен елімізде орын алған сын сағаттарда да халқымыздың денсаулығын сақтауда имандылықпен, мейіріммен, кәсіби шеберлікпен және уақытпен санаспай ерен еңбек үлгісін көрсетіп еңбек етіп, Гиппократ  антына адалдық таныта білген ақ халатты абзал жандарға халқымыздың ықыласы һәм алғысы шексіз екені де ерекше атап өтілді.

Мекемедегі қызмет алушыларға қажетті дәрігерлік қызмет көрсетуде көзге түскен медицина қызметкерлеріне мекеме басшылығының «Құрмет грамоталары» салтанатты жағдайда табыс етілді. Ресми шара есімдері облысымызға белгілі жергілікті таланты өнерпаздар мен мекемедегі мәдени сала қызметкерлерінің  тартымды концерттік бағдарламасына ұласты.

Денге-саулық, дертке-шипа сыйлаған ақ халаты абзал жандардың кәсіби мерекесіне арналған маңызы зор мәдени-концерттік бағдарламамен көпшілікке жақсы көңіл-күй сыйлаған  аудан өнерпаздары мен мекеменің мәдени қызметкерлеріне мекеме басшысы ұжым атынан рахмет айтып, ізгі лебізін білдірді. Іс-шара соңы өнерпаз жандар мен медицина қызметкерлерінің естелік суреттерге түсуімен аяқталды.

 

Бекмұхамет СӘЛІМҰЛЫ,

«Қазақстанның Заңгерлер және Журналистер Одақтарының мүшесі»,

мекеме заңгері

WhatsApp Image 2023-06-16 at 16.10.35 (1)


Комментарии


Комментариев пока нет

Пожалуйста, авторизуйтесь, чтобы оставить комментарий.

Авторизация
Введите Ваш логин или e-mail:

Пароль :
запомнить