Главная \ Новости и события \ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы Ереже

Благотворительность — оказание бескорыстной (безвозмездной или на льготных условиях) помощи тем, кто в этом нуждается. Основной чертой благотворительности является свободный и непринуждённый выбор вида, времени и места, а также содержания помощи.

Сергей Иванов, глава фонда помощи детям.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы Ереже

« Назад

22.05.2023 00:00

«Мейірім» Жаркент арнаулы əлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы Ереже

 

  1. -тарау. Жалпы Ережелер
    1. «Мейірім» Жаркент арнаулы əлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі ( бұдан әрі - «Мейірім» Жаркент орталығы) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы осы Ереже (бұдан әрі – Ереже) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді (бұдан әрі – Заң).
    2. Осы Ереже «Мейірім» Жаркент орталығындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің функцияларын орындайтын құрылымдық бөлімшелердің немесе            адамдардың мақсаттарын, міндеттерін, қағидаттарын, функцияларын, өкілеттіктерін айқындайды.
    3. «Мейірім» Жаркент орталығындағы өз қызметінің ерекшелігін негізге ала отырып, осы Ережені ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметтер туралы ережені бекітеді.
    4. Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  комплаенс-қызметтер  туралы  ереже «Мейірім» Жаркент орталығының ресми интернет-ресурсында орналастырылады және барлық жұмыскерлердің назарына жеткізіледі.
    5. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
  1. сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс – «Мейірім» Жаркент орталығы мен оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету жөніндегі функция;
  2. сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу;
  3. мүдделер қақтығысы – жауапты лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік  функцияларды  орындауға  уәкілеттік  берілген  адамдардың,  оларға теңестірілген  адамдардың,  лауазымды  адамдардың  жеке  мүдделері  мен  олардың лауазымдықөкілеттіктері       арасындағы   қайшылық,   мұндай   жағдайда   аталған адамдардың жеке мүдделері олардың өз лауазымдық міндеттерін орындамауына және (немесе) тиісінше орындамауына алып келуі мүмкін;
  4. сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық – заңда әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық белгіленген, сыбайлас жемқорлық белгілері бар құқыққа қарсы кінәлі іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік);
  5. сыбайлас жемқорлық тәуекелісыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың туындау мүмкіндігі;
  6. сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің алдын алу шаралары жүйесін әзірлеу және енгізу жолымен сыбайлас
 

жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды зерделеу, анықтау, шектеу және жою жөніндегі қызметі;

  1. сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қалыптастыруды және іске асыруды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы үйлестіруді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуды, анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган және оның аумақтық бөлімшелері.
    1. «Мейірім» Жаркент орталығының негізгі міндеті осы ұйымның және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету болып табылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет функцияларын орындайтын құрылымдық бөлімше немесе жауапты тұлға айқындалады.

Бұл ретте, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты тұлға мүдделердің ықтимал қақтығысы ескеріле отырып айқындалады.

    1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет функцияларын орындайтын құрылымдық бөлімшені немесе жауапты тұлға «Мейірім» Жаркент орталығының басшылығы, немесе өзге де тәуелсіз басқару органының шешімімен көрсетілген органдар  болмаған  жағдайда, мекеме директоры айқындайды.
    2. Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  комплаенс-қызмет  өз  өкілеттіктерін «Мейірім» Жаркент орталығындағы атқарушы органынан, лауазымды адамдарынан тәуелсіз жүзеге асырады, «Мейірім» Жаркент орталығының басшылығы, немесе өзге де тәуелсіз басқару органына есеп береді және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету кезінде тәуелсіз болып табылады.
    3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметке әдіснамалық қолдауды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері көрсетеді.
    4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет функциясын «Мейірім» Жаркент орталығындағы басқа құрылымдық бөлімшелерінің функцияларымен ұштастыруға жол берілмейді.
    5. Егер Заңмен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық стандарттармен  осы  Ережеде  көзделмеген  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы комплаенсті ұйымдастыруға қойылатын талаптар мен тәсілдер белгіленген жағдайда, осы талаптар мен тәсілдерді «Мейірім» Жаркент орталығы басшылығы, немесе өзге де тәуелсіз басқару органы, көрсетілген органдар болмаған жағдайда «Мейірім» Жаркент орталығының директоры бекітеді.
 

2-тарау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің мақсаттары, міндеттері, қағидаттары, функциялары мен өкілеттіктері

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет қызметінің негізгі мақсаты «Мейірім» Жаркент орталығы мен оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  туралы  заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізу болып табылады.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің міндеттері:
    1. «Мейірім» Жаркент орталығы мен оның қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды ескерту және алдын алу құралдарын енгізуін қамтамасыз ету;
    2. «Мейірім» Жаркент орталығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар жүйесін тиімді іске асыру;
    3. «Мейірім» Жаркент орталығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді қамтамасыз ету;
    4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сыртқы реттеу талаптарының және үздік халықаралық практиканың сақталуын қамтамасыз ету;
    5. Заңға сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету;
  3. «Мейірім» Жаркент орталығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс функцияларын енгізу және жүзеге асыру кезінде мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:
  1. сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс функцияларын орындау үшін бөлінетін өкілеттіктер мен ресурстардың жеткіліктілігі;
  2. басшылықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс тиімділігіне мүдделілігі;
  3. сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет қызметінің ақпараттық ашықтығы;
  4. сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің тәуелсіздігі;
  5. сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті жүзеге асырудың үздіксіздігі;
  6. сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті жетілдіру;

      7)сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс функцияларын жүзеге асыратын мамандардың құзыреттерін үнемі арттыру.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функциялары:
  1. келесі құжаттардың әзірленуін қамтамасыз етеді:

«Мейірім» Жаркент орталығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылының ішкі саясаты;

«Мейірім» Жаркент орталығының қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқаулық;

 

«Мейірім» Жаркент орталығындағы мүдделер қақтығысын анықтау мен реттеудің ішкі саясаты;

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт;

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ішкі іс-шаралар жоспары;

«Мейірім» Жаркент орталығы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзу фактілері немесе ықтимал бұзушылықтары туралы хабардар ету тәртібін регламенттейтін құжат;

корпоративтік әдеп пен мінез-құлық мәселелерін регламенттейтін құжат;

  1. «Мейірім» Жаркент орталығындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігіне қатысты ақпарат жинауды, өңдеуді, қорытуды, талдауды және бағалауды жүзеге асырады;
  2. "Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің  қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген  №  14441)  сәйкес  «Мейірім» Жаркент орталығы қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді үйлестіреді;
  3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның және «Мейірім» Жаркент орталығының бөлімше басшыларының бірлескен шешімі бойынша жүргізілетін «Мейірім» Жаркент орталығының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдауға қатысады;
  4. «Мейірім» Жаркент орталығында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне және оларды митигациялау және жою бойынша қабылданатын шараларға мониторингті жүзеге асырады;
  5. «Мейірім» Жаркент орталығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша түсіндіру іс-шараларын жүргізеді;
  6. «Мейірім» Жаркент орталығының қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту семинарларын ұйымдастырады;
  7. «Мейірім» Жаркент орталығы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл саясатын және корпоративтік әдеп пен мінез құлық мәселелерін сақтауын бақылауды қамтамасыз етеді;
  8. «Мейірім» Жаркент орталығы ұжымында жалпы қабылданған моральдық-әдеп нормаларына сәйкес келетін өзара қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдеседі;
 
  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет құзыреті шеңберінде мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың Заңда белгіленген қаржылық бақылау шараларын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтауын қамтамасыз етеді;
  2. «Мейірім» Жаркент орталығының құрылымдық бөлімшелерінің сыбайлас жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  мәселелері  жөніндегі  ішкі  іс-шаралар  жоспарын орындауына мониторинг әзірлейді және жүргізеді;
  3. Мүдделер қақтығысын, оның ішінде «Мейірім» Жаркент орталығында жұмысқа орналастыру, сатып алу және бизнес-процестер мәселелерін анықтау, мониторингілеу және реттеу жөнінде шаралар қабылдайды;
  4. «Мейірім» Жаркент орталығында сыйлықтар беру және алу мәселелерін реттеу жөнінде шаралар қабылдайды;
  5. контрагенттердің сенімділігін кешенді тексеруді жүзеге асырады;
  6. «Мейірім» Жаркент орталығындағы сыбайлас жемқорлық фактілері туралы өтініштер (шағымдар) негізінде қызметтік тексерулер жүргізеді және / немесе оларға қатысады;
  7. «Мейірім» Жаркент орталығындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы, сыбайлас жемқорлыққа байланысты істер бойынша сот практикасындағы өзгерістерге мониторинг пен талдау жүргізеді;
  8. «Мейірім» Жаркент орталығының құрылымдық бөлімшелері мен қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды іске асыру тиімділігіне бағалау жүргізеді;
  9. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша «Мейірім» Жаркент орталығының  құрылымдық  бөлімшелері  мен  қызметкерлерінің  ақпаратын тыңдайды;
  10. «Мейірім» Жаркент орталығының басшысына анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, «Мейірім» Жаркент орталығының қызметін ұйымдастырудың ішкі процестерінің тиімділігін арттыру жөнінде ұсынымдар енгізеді;
  11. «Мейірім» Жаркент орталығы қызметінің ерекшелігіне қарай мұндай функциялар тәуелсіздікке әсер етпейтін және мүдделер қақтығысының туындауына әкеп соқпайтын жағдайда комплаенс, іскерлік әдеп, орнықты даму және басқалар мәселелеріне байланысты функцияларды жүзеге асырады;
  12. сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органмен және мемлекеттік   органдармен,   «Мейірім» Жаркент орталығымен, қоғамдық бірлестіктермен, сондай-ақ өзге де жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайды;
  1. «Мейірім» Жаркент орталығының басшылығы, немесе өзге де тәуелсіз басқару органының шешімімен көрсетілген органдар  болмаған  жағдайда,  мекеме директоры
 

сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет басшысын тағайындауды жүзеге асырады және оның өкілеттік мерзімін, сыйақы мөлшерін және еңбекке ақы төлеудің шарттарын айқындайды.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметке жүктелген міндеттердің орындалуын және функциялардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет басшысының ұсынуы бойынша Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысымен алдын-ала келісуі арқылы «Мейірім» Жаркент орталығының басшысының шешімімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет қызметкерлерінің құрылымы, штат саны (сандық құрамы), өкілеттік мерзімі, жұмыс тәртібі және еңбегіне ақы төлеудің өзге де шарттары айқындалады және оларды тағайындау жүзеге асырылады.
  3. Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  комплаенс-қызмет  басшысының  және қызметкерлерінің      функционалдық  міндеттері,    құқықтары     мен    жауапкершілігі лауазымдық        нұсқаулықтармен         немесе      сыбайлас       жемқорлыққа        қарсы комплаенс-қызметтер туралы ереженің негізінде әзірленетін қызметкердің қызметтік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын құжаттармен айқындалады және оларды «Мейірім» Жаркент орталығының директоры бекітеді.
  4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің басшысы «Мейірім» Жаркент орталығындағы басшылыққа немесе өзге де тәуелсіз басқару органына сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің құрылымы мен штат кестесі бойынша, көрсетілген органдар болмаған жағдайда, «Мейірім» Жаркент орталығының директорына ұсыныс береді.
  5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің атынан «Мейірім» Жаркент орталығының басқа құрылымдық бөлімшелеріне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің  құзыретіне  кіретін  мәселелер  бойынша  бағынысты бөлімдерге жіберілетін құжаттар мен сауалдарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің басшысы қол қояды.
  6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің басшысы мен қызметкерлері комплаенс саласындағы уәкілетті органдар мен кәсіптік ұйымдар өткізетін оқыту іс-шараларына қатысу арқылы үнемі кәсіби біліктілігін арттыруы қажет.
  7. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет өз қызметінің шеңберінде:
  1. «Мейірім» Жаркент орталығының құрылымдық бөлімшелерінен ақпарат пен материалдарды,  оның  ішінде  коммерциялық  және  қызметтік  құпияны  құрайтын материалдарды сұратады және алады;
  2. көрсетілген органдар болмаған жағдайда, «Мейірім» Жаркент орталығының директорына басшылар кеңесінің, басшылығына немесе өзге де тәуелсіз басқару органының қарауына олардың құзыретіне жататын мәселелерді шығаруға бастамашылық жасайды; ықтимал сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар немесе Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы заңнамасын бұзушылықтар туралы келіп түсетін хабарламалар бойынша қызметтік тексерулер жүргізеді;
  3. «Мейірім» Жаркент орталығының басшылығы  мен  басқа  да қызметкерлерінен қызметтік тергеу шеңберінде жазбаша түсіндірмелер беруді талап етеді;
  4. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді және оларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға жібереді;
  5. Өз құзыреті шегінде ішкі құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысады;
  6. «Мейірім» Жаркент орталығы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзудың болуы немесе ықтимал мүмкіндігі туралы хабарлауы не «Мейірім» Жаркент орталығының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралардың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар енгізу үшін ақпараттандыру арналарын құрады;
  1. Өз  қызметін  жүзеге  асыру  кезінде  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы комплаенс-қызмет:
  1. «Мейірім» Жаркент орталығындағы тұлғалары туралы ақпараттың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс функцияларын жүзеге асыру кезеңінде белгілі болған инсайдерлік ақпараттың, егер онда дайындалып жатқан және  ( немесе) жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы деректер болмаса, құпиялылығын сақтайды;
  2. «Мейірім» Жаркент орталығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сыбайлас жемқорлықтың, корпоративтік Әдеп кодексінің және өзге де ішкі құжаттардың бұзылуының болжамды немесе нақты фактілері бойынша жүгінген адамдардың құпиялылығын қамтамасыз етеді;
  3. «Мейірім» Жаркент орталығының басшылығы, немесе өзге де тәуелсіз басқару органының шешімімен көрсетілген органдар  болмаған  жағдайда;
  4. «Мейірім» Жаркент орталығының директорын сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзудың болуымен немесе ықтимал мүмкіндігімен байланысты кез келген жағдайлар туралы уақтылы хабардар етеді;
  5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның назарына белгілі болған дайындалып жатқан, жасалатын немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы хабарлайды;
  6. «Мейірім» Жаркент орталығының белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмейді;
  7. қызметтік және кәсіби этиканы сақтайды.
  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің қызметкерлеріне:
 
  1. алдыңғы үш жыл ішінде олар қатысқан процестерді тексеруге қатысуға;
  2. тексерудің бейтараптығына нұқсан келтіретін немесе осындай зиян келтіретін ретінде қабылданатын кез келген әрекетке қатысуға;
  3. құпия ақпаратты жеке мүддеге пайдалануға;
  4. іскерлік этика нормаларын бұзуға;
  5. нәтижесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің тәуелсіздігіне, объективтілігіне және бейтараптылығына нұқсан келтіруі мүмкін не осындай залал келтіретін ретінде қабылдануы мүмкін сыйлықтарды қабылдау және көрсетілетін қызметтерді пайдалануға;
  6. мүдделер қақтығысына әкелуі мүмкін тексерулерге, қызметтік тергеулерге және басқа да іс-шараларға қатысуға болмайды.
  1. «Мейірім» Жаркент орталығының басшылығы:
  1. сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің қызметін жүзеге асыру үшін тиімді орта құруға жәрдемдесу, оның мақсаттарын, міндеттерін, функциялары мен міндеттерін орындауға, құқықтарын іске асыруға жәрдемдесуі;
  2. сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің қызметін әкімшілік (ұйымдық-техникалық)  қамтамасыз  етуді  жүзеге  асыру,  оның  ішінде  ақпараттық жүйелер мен қосымшаларды (қажетті дерекқорларға қолжетімділікті) және өзге де тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда, оның қызметі үшін қажетті мүмкіндіктермен, активтермен және ресурстармен қамтамасыз етуі;
  3. сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің басшысы мен қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің қызметі, әлеуметтік және коммуникациялық дағдылар мен құзыреттер мәселелері бойынша оқыту және сертификаттау мүмкіндіктерін беруі қажет.
  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің «Мейірім» Жаркент орталығының құрылымдық  бөлімшелерімен  өзара  іс-қимылы  жұмыстағы  өзара сыпайылық пен дұрыстық негізінде құрылады.
  2. «Мейірім» Жаркент орталығының құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметіне келесідей жәрдемдеседі:
  1. осы Ереженің 14-тармағы 1) тармақшасында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар мен ақпаратты ұсыну;
  2. анықталған тәуекелдер мен бұзушылықтарды объективті талқылау;
  3. туындайтын мәселелер мен проблемаларды бірлесіп шешу.

 

3-тарау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің есептілігі

 

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет «Мейірім» Жаркент орталығында  қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар бойынша ақпаратты
 

тоқсан сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның сұрау салуы бойынша «Мейірім» Жаркент орталығында қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар бойынша қосымша ақпарат жібереді.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет «Мейірім» Жаркент орталығының басшылар кеңесіне, немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалған өзге де тәуелсіз басқару органына, ал көрсетілген органдар болмаған жағдайда, «Мейірім» Жаркент орталығының директорына мерзімді түрде есеп береді.

«Мейірім» Жаркент орталығының директоры тарапынан ықтимал сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туындаған жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы

 

комплаенс-қызмет  Заңының органдарға жүгінеді.

 

24-бабы

 

1-тармағына  сәйкес  уәкілетті  мемлекеттік

 

 

 

 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК

 


Комментарии


Комментариев пока нет

Пожалуйста, авторизуйтесь, чтобы оставить комментарий.

Авторизация
Введите Ваш логин или e-mail:

Пароль :
запомнить