Благотворительность — оказание бескорыстной (безвозмездной или на льготных условиях) помощи тем, кто в этом нуждается. Основной чертой благотворительности является свободный и непринуждённый выбор вида, времени и места, а также содержания помощи.
Рәміздерге құрмет - елге құрмет
« НазадРәміздерге құрмет-елге құрмет
«Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Мейірім» Жаркент арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 4 маусым-«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні» мемлекеттік мерекесіне арналған мәдени іс-шара жылдағы қалыптасқан игі дәстүр бойынша мекемеде салтанатты жағдайда өтті.
Алдымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалды. Мәдени іс-шараны ұйымдастырып жүргізуші Ш.Тұрсынғалиқызы мерекелік салтанатпен ерекше безендірілген мекеме ауласында шарада алғашқы құттықтау сөзді мекеме директоры А.Раевқа беріп, ол өз кезегінде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заңның 2007 жылы 4 маусымда қабылданғаннан бері мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіліп келе жатқанын, рәміздеріміздің тәуелсіз ұлттық мемлекетіміздің белгісі екенін, оған лайықты құрмет көрсету әрбір қазақстандықтың конституциялық міндеті екенін атап көрсетіп, мекеме қызметкелері мен қызмет алушыларын мерекемен құттықтап, ізгі лебізін білдірді.
Рәміздер күні құрметіне мекеменің қызмет алушылары тақырыптық тартымды флешмоб көрсетті. Келесі кезекті мекеменің мәдени қызметкерлері мен қызмет алушылары дайындаған мәдени-концерттік бағдарлама көпшіліктің көңілінен шығып, әсем әуен аспанда ақ шағаладай қалықтады. Мерекелік шара соңы естелік суреттерге түсумен аяқталды.
Рәміздерімізге деген құрметтің-елімізге деген шынайы құрметтің белгісі екені барлық қатысушылардың санасында шынайы көрініс тапты десек болады.
Бекмұхамет СЕРІКБАЕВ,
«Қазақстанның Заңгерлер және Журналистер Одақтарының мүшесі»,
мекеме заңгері
Комментарии
Комментариев пока нет
Пожалуйста, авторизуйтесь, чтобы оставить комментарий.