Главная \ Новости и события \ Жақсылар жүр жаныңда

Благотворительность — оказание бескорыстной (безвозмездной или на льготных условиях) помощи тем, кто в этом нуждается. Основной чертой благотворительности является свободный и непринуждённый выбор вида, времени и места, а также содержания помощи.

Сергей Иванов, глава фонда помощи детям.

Жақсылар жүр жаныңда

« Назад

19.02.2020 12:40

Жақсылар жаныңда жүр...

     Қасиетті Жаркент жерінде еліне еңбегі сіңген, халқына қалаулы талай-талай қазақтың нарқасқа азаматтары өмір сүріп келеді. Халықтың қажеттілігіне орай 1944 жылы құрылған Жаркенттегі қарттар үйіне басшылық қызмет атқарып, өз кезегінде айтулы үлес қосқан азаматтардың ішінде Ерғали Сабденбековте бар.

   Ерғали Қайрамұлы Сабденбеков көрші Кербұлақ ауданының атауы айрықша Басши ауылында 1947 жылдың 1-қаңтарында дүниеге келген. Өсер ұрпағының азамат болуын арман еткен әулет басшысы Панфилов ауданында тұратын бауырының қолына Ерғалиды аманат етіп тапсырып, Жаркент қаласындағы сол кездегі Молотов, қазіргі Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте білім алуын қалайды. Мектепті үздік тәмәмдаған соң ол Алматы шет ел тілдері педагогикалық институтынан жоғары білім алып шығады.  
   Ерекеңнің әкесі Қайрам: - «Адамға Алла өмірді аманатқа берген, сол аманатқа қиянат жасауға болмайды…» деп отырады екен. Өз ұл-қыздарын адалдыққа тәрбиелеген, жандүниесі таза, ойы адал, парасат-пайымы терең адам болыпты. Ұлы Отан соғысының қатысушысы болған ол, сол сұрапыл соғыстың дерті ма, өмірден ерте өткен екен. Көзі тірісінде: -«Адамға қандай жағдай болса да жақсылық жасаңдар, сендер сол арқылы өздеріңнің жоғары шығатын баспалдақтарыңды қалап жатырсыңдар…» деп әр уақытта айтып отыратын дейді. Кез-келген адам бойындағы жақсы қасиеттің бәрін отбасынан алады. Ұрпақтан ұрпаққа ауысып отыратын ізгілік, адамгершілік, үлкенді құрметтеу, ұяңдық сияқты халқымыздың асыл қасиеттері атаның қанымен, ананың сүтімен бойға дариды емес пе? Ерекеңе де осы жақсы қасиеттер ата-ана қаны арқылы келген деп ойлаймын.

   «Білімің көп болса, ел саған қызығады, байлығың көп болса, ел сені қызғанады, білімнің артық болатыны сол…» – деген ұлағатты сөзді санасына сіңіріп, адам баласына білімнің қажет екенін бала кезімізден құлағымызға құйып өстік дейді Ерекең.

   Ол 1997-2000 жылдар аралығында Панфилов интернат-үйінің директоры болып қызмет атқарып, жоғары ұйымдастырушылық қабілетін көрсете білді. Осы жылдары мемлекеттен қомақты қаржы бөлініп, мекеме ғимараттары күрделі жөндеуден өткізілді. Ерекең әркезде де өзіне адалдықты серік етті. Ұжымына сыйлы, өз ортасында абыройлы болды. Сол кездегі әріптестері оны өте қарапайым, кімге болса да жылы сөйлеп, мейірімін төгіп жүретін азамат деп таниды.         

      Өзінің бауырларына ғана емес, ел жастарының  көбіне қамқор бола білді. «Болашақ бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман» екенін олардың жетесіне жеткізуге тырысатын. Ел-жұртының алғысына бөленген Ерғали аға қай ортада болмасын өзінің азаматтығымен, адамгершілігімен абыройдан кенде болмады.

   Иә, Ерекең десе Ерекең ғой!.. Жігітке жеті өнер де аз демей халқымыз. Он саусағынан өнері тамған, кез келген аспапта шебер ойнаумен қатар, әсем ән орындау шеберлігі де бір төбе. Көркем сөз оқу шеберлігімен де ерекшеленген өнерпаз. Ол қолынан келген жақсылығын жасап, ел-жұртының ықыласына бөленген азамат. Еліміздің болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық пен табандылықтың үлгісін көрсеткен, өз бойындағы асыл қасиеттері мен білімін қамқорлықтағылардың бақыты мен кәдесіне жаратып, жаңашылдықтың бастаушысы, көрмекке құмар болған, білмекке құштар болған Ерғали Қайрамұлы қазір үрім-бұтағының қызығына кенелетін кемел шақта.

«Суда жүзген кеменің ізі қалмайды,

Қалса да лездік толқындар легі жалмайды.

 Басылса егер тарих бетіне ізгі ізің,

Дауыл, толқын мәңгі өшіре алмайды,

Ізсіз қалу адамзат үшін жан қайғы», –

деп ақындар жырлағандай,  өнегелі ізі, ісі бар Ерғали Қайрамұлы әлі де халқымызға қалтқысыз қызмет көрсете береді деп нық сеніммен айта аламыз. Интернат үйінің көркейуіне қосқан үлесіңіз қызмет алушылар мен көзкөргендердің жүрегінде әрқашан жарқырап тұра берері сөзсіз.

 «Мейірім» Жаркент арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының  директоры  Амантай Раев, ҚР Мәдениет қайраткері.


Комментарии


Комментариев пока нет

Пожалуйста, авторизуйтесь, чтобы оставить комментарий.

Авторизация
Введите Ваш логин или e-mail:

Пароль :
запомнить