Благотворительность — оказание бескорыстной (безвозмездной или на льготных условиях) помощи тем, кто в этом нуждается. Основной чертой благотворительности является свободный и непринуждённый выбор вида, времени и места, а также содержания помощи.
Тумау, алдын алу жолдары
« НазадТұмау – бұл жоғарғы тыныс жолдарына әсер ететін инфекциялық ауру, ауа-тамшы жолымен таралады.
Тұмаудың инфекция көзі – науқас адам. Жөтелу, түшкіру және тыныс алу кезінде науқас адам айналасындағыларға инфекцияны жұқтырады.
Ауадағы жұқпалы бөлшектер біртіндеп айналадағы заттарға түседі. Вируспен ластанған үй заттарының қасынан өткенде, үйге тазалық жүргізгенде, осы заттарды қолданғанда, біз байқамай жұқтырылған бөлшектерді еріксіз сілкіп тастаймыз, олар ауаға қайта көтеріліп, адамның тыныс алу жүйесіне енеді. Вирустың тыныс алу жолына түсуіне жол бермеу үшін қолдарды жиі жуу, қоғамдық орындарда болғаннан кейін және қоғамдық көліктерді пайдаланғаннан кейін мұрын өзегін жуу керек. Бұл бөлшектерді ішке тарту – тұмау вирусының дені сау адамның денесіне кіруіне жол береді.
Тұмаудың инкубациялық кезеңі бірнеше сағаттан 10 күнге дейін, орта есеппен 2 күнді құрады. Жасырын фазаның ұзақтығы вирустың түріне байланысты. Инкубация кезеңінде тұмау өзін білінбейді. Инкубация кезеңінен кейін аурудың көріністері пайда болады:
1. Температураның жоғарылауы әдетте аурудың бірінші сағаттарында пайда болады. Қатты қызба, температура 40°C-қа дейін, тіпті одан да жоғары болады.
2. Әлсіздік, дене сырқырауы, басталатын аурудың алғашқы белгілері болуы мүмкін.
3. Мұрын бітелуі, түшкіру, тамақтың жыбырлауы – аурудың жиі кездесетін алғашқы белгілері.
4. Бірнеше күннен кейін мұрынның ағуы, жөтел пайда болады. Бірте-бірте жөтел ылғалды болып, қақырық шыға бастайды.
Тұмауға қарсы тиімді әдіс – ВАКЦИНАЦИЯ болып табылады. Өз уақытында вакцинациялану тұмауға бірнеше рет шалдығуды азайтады, аурудың ұзақтығын қысқартады және асқынулардың алдын алады. Вакцинациядан басқа, ағзаның қорғанысын арттыру ұсынылады: Тұмаудың алдын алу үшін таңертеңгі және кешкі уақытта бетті суық сумен жуып, кешке қарай аяқты жылы суға салса, ағзаның ауруға қарсы күресу қуаты артады. Тамақтан кейін ауызды тұзды сумен үнемі шайып жүрсе, ауыз қуысындағыбактерияларды жояды. Қыс және күз мезгілінде дене шынықтырып, күнделікті бой жазып, таза ауада серуендеп, дененің суыққа қарсылық қуатын жоғарылатса, тұмаудың алдын алуға болады. Күнде таңертең терезені 30 минуттай ашып, бөлменің ауасын тазартып отыру қажет. Жас жем-жіміл мен қызыл шекерді лайықты мөлшерде қайнатып, шай орнына ішсе тұмаудан сақтануға болады. Сірке суын қайнатып, үй ішін күнделікті булап тұрса, микробтар жойылады. Күз мезгілінде өте қалың киініп алмау керек. Қалың киім дененің суыққа төзімділігін әлсіретеді. Әр күні таңертең, жеңіл киіммен таза ауада 30 минут дене жаттығуларын жасау тұмаудың алдын алады. Екі алақанды беттестіріп ысып, алақан ортасы ысығаннан кейін, мұрын желбезегінің артқы түбін қос бармақпен 10 рет уқалау керек. Қызанақ, сәбіз, алма секілді көкөністер мен жемістерді үзбей пайдаланған жөн.
Сондай-ақ, тұмауға ұқсас симптомдары бар адамдармен тығыз байланыста болмау, бөлмені жиі желдету, шамадан тыс тоңу және қызып кетуден аулақ болу.
Тұмаумен ауырған кезде, үйде қалып, дәрігерді шақырту қажет. Отбасының басқа мүшелерімен барынша байланысқа түспеу, медициналық бетперде киіп, жеке гигиена ережелерін сақтау керек. Бұл басқаларға зиян келтірмеу және вирустық инфекцияны таратпау үшін қажет.
Профилактикалық шараларды сақтау, Сізді тұмау ауруынан және оның жағымсыз әсерінен қорғайтыны, есте болсын.
Комментарии
Комментариев пока нет
Пожалуйста, авторизуйтесь, чтобы оставить комментарий.