Главная \ Новости и события \ «Терроризмге қарсы күрес-маңызды мәселе»

Благотворительность — оказание бескорыстной (безвозмездной или на льготных условиях) помощи тем, кто в этом нуждается. Основной чертой благотворительности является свободный и непринуждённый выбор вида, времени и места, а также содержания помощи.

Сергей Иванов, глава фонда помощи детям.

«Терроризмге қарсы күрес-маңызды мәселе»

« Назад

26.08.2019 13:31

96fc3f3f48d9873c5224b78db3655246_XL

 

«МЕЙІРІМ» ЖАРКЕНТ АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

 

 

26 тамыз 2019 жыл                                                                                                               Жаркент қаласы

 

 

Мекеме қызметкерлері басшы құрамымен  «Терроризмге қарсы күрес-маңызды мәселе» тақырыбында өткен жиналыстың

ХАТТАМАСЫ

 

Жиналыс төрағасы А. Раев-мекеме директоры 

Хатшысы Б. Серікбаев, мекеме заңгері.

 

Қатысты:

мекеменің басшы құрамының қызметкерлері.

Тыңдалды:

Жиналыс төрағасы, мекеме басшысы А. Раев терроризмге сипаттама бере отырып, қазіргі уақытта терроризмнің бүкіл адамзатқа төнген басты қауіптің бірі екенін айтып, оған қарсы күресті күшейтуге бағытталған озық үлгідегі заңнамалық базаның мемлекетімізде жасалғанын және оған қарсы күрес жүргізу тәуелсіз еліміз үшін маңызды мәселе болып отырғанын, террористік тұрғыдан осал обьектіге жататын мекеме аумағында тиісті қауіпсіздік шараларын құзырлы органдармен келісе отырып жасау керектігі туралы айта келе алғашқы сөзді мекеменің заңгері Б.Серікбаевқа берді.

 Б.Серікбаев «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі № 416-І Заңының  республикада терроризмге қарсы күрестің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін, мемлекеттік органдардың және барлық меншік формаларындағы ұйымдардың қызмет тәртібін, сондай-ақ терроризмге қарсы күресті жүзеге асырумен байланысты азаматтардың құқықтарын, міндеттері мен кепілдіктерін айқындайтыны  және осы Заңның 10-3 бабында көрсетілгендей, меншік нысанына қарамастан, террористік тұрғыдан осал обьектілердің меншік иелері, иеленушілері, басшылары немесе лауазымды адамдары террористік әрекеттің алдын алу, сондай-ақ обьектілерді терроризмнен қорғау және олардың қауіпсіздігін тиісті жағдайда қамтамасыз ету мақсатында:

-тиісті өткізу режимін, обьектілерге қойылатын талаптарға сәйкес оларды қазіргі заманғы инженерлік-техникалық күзет жабдықтарымен жарақтауды қамтамасыз ету;

-үлгілік паспорттың негізінде-өздеріне сеніп тапсырылған обьектілердің терроризмге қарсы қорғалуы паспортын әзірлеу;

-персоналды үй-жайларды қарап тексеру техникасына үйрету, жарғыш құрылғылардың орнатылуы мүмкін орындарды анықтау бойынша профилактикалық және оқу-жаттығу шараларын өткізу;

-жасалған терроризм актісінің салдарынан туындаған техногендік сипаттағы қатерлерді жою бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен бірлескен іс-қимылдарды жоспарлау мен пысықтау;-обьектінің ақпараттық желілерін қорғауды, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды іске асыруға міндеттілігі айтылды. Сонымен бірге терроризмге қарсы іс-қимылдың қағидаттары мен мақсаттары, терроризм профилактикасы, терроризмге қарсы іс-қимылдың мақсаты туралы кеңінен  түсініктемелер беріп өтті.

Директордың әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары Б. Даулетбахиева, шаруашылық меңгерушісі     Қ. Селижовтар өз кезегінде терроризм сияқты заманның басты қауіп-қатеріне қарсы тұру-алдымен қоғамның жіктеліп бөлінуіне  жол бермеуге және ымырасыз күрес жүргізу тек мемлекеттік органдардың парызы емес ол әрбір қазақстандықтың міндеті екенін және қажетті шараларды мекемеде қарастыру керектігі айтылды.


Комментарии


Комментариев пока нет

Пожалуйста, авторизуйтесь, чтобы оставить комментарий.

Авторизация
Введите Ваш логин или e-mail:

Пароль :
запомнить