Главная \ Новости и события \ Шуағы шалқыған мейірім мекені

Благотворительность — оказание бескорыстной (безвозмездной или на льготных условиях) помощи тем, кто в этом нуждается. Основной чертой благотворительности является свободный и непринуждённый выбор вида, времени и места, а также содержания помощи.

Сергей Иванов, глава фонда помощи детям.

Шуағы шалқыған мейірім мекені

« Назад

29.09.2022 06:30

                            Шуағы шалқыған мейірім мекені .

 

«Жетісу  облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және  әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Мейірім» Жаркент арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі  аудан әкімінің қаулысымен қазіргі күні 219 мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қорғаншы болып қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленген. 

Мүмкіндігі шектеулі, қамкөңіл азаматтардың өздерін тәуелсіз Қазақстанның  азаматтары ретінде сезінулері үшін мекеменің қызметкерлері тарапынан оларға 8 түрлі әлеуметтік қызмет түрлері тиісті мемлекеттік стандарттарға сәйкес  сапалы түрде көрсетіліп келеді.

Денсаулық, отбасылық қиын жағдайларда қалып, тағдыр тәлкегіне түскен жандарға күнделікті  сан алуан қызмет түрін көрсету арқылы олардың  жан-жақты моральдық-психологиялық  қолдауда болуы мекеме қызметкерлерінен асқан жауапкершілікті, кәсіби біліктілікті, жанашырлықты хәм жоғары адами парасаттылықты талап етеді.

Мекеме әкімшілігі мен салалық мамандар тарапынан тәуелсіз еліміздегі мемлекеттік мерекелер және 1 қазан-«Қарттар күні» мерекесіне арналған, жалпы бүкіл қазан айында қорғаншылықтағы азаматтарға қамқорлық  шараларын ұйымдастыру және мазмұны терең мәдени-концерттік бағдарламаларды  өткізіп отыру жыл сайынғы игі дәстүрге айналған десек болады. Мемлекетіміз тарапынан мүмкіндігі шектеулі жандарға мекемеде отбасылық деңгейге жақын қолайлы тұрмыстық жағдай қалыптастыру мен оларға лайықты құрмет көрсету міндетін мекеме әкімшілігі мен ұжым қызметкерлері  жоғары кәсіби хәм жоғары адами парасаттылық деңгейінде ұйымдастыра беретін болады. 

Күннің жанға жайлы шуағы төгілген, ырысымыз тасыған берекелі  күз айында алдымызда аталып өтілетін  қарттар күні мерекесін, жалпы қазан айын толығымен қамқорлықтағы жандарға лайықты құрмет көрсету мақсатында шуағын  шалқыған мейірім мекені, «Мейірім» Жаркент арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшылығы мен салалық қызметкерлері тарапынан тиісті мерекелік шаралар кешені белгіленіп отырғанын айтқымыз келеді.

Сонымен бірге қазан айында ауданның мекемелері мен еңбек ұжымдарының  және жеке азаматтардың демеушілігімен  және ұйымдастырумен мәдени-концерттік бағдарламалар да көрсетілуі де мекеме басшылығы тарапынан жоспарланып отыр.

 

Бекмұхамет СӘЛІМҰЛЫ,

         «Қазақстанның Заңгерлер және Журналистер Одақтарының мүшесі»,

          мекеме заңгері.


Комментарии


Комментариев пока нет

Пожалуйста, авторизуйтесь, чтобы оставить комментарий.

Авторизация
Введите Ваш логин или e-mail:

Пароль :
запомнить