Главная \ Новости и события \ Референдум демократияның жарқын көрінісі

Благотворительность — оказание бескорыстной (безвозмездной или на льготных условиях) помощи тем, кто в этом нуждается. Основной чертой благотворительности является свободный и непринуждённый выбор вида, времени и места, а также содержания помощи.

Сергей Иванов, глава фонда помощи детям.

Референдум демократияның жарқын көрінісі

« Назад

08.06.2022 06:30

Қазақстан Республикасы 30 жылда әлемдік қауымдастыққа өзінің бейбітшіліксүйгіш идеяларымен танымал, ядролық сұрапыл қарудан өз еркімен алғаш бас тартқан жер бетіндегі алғашқы мемлекет болды.                                                                   Өз конституциясы, мемлекеттік рәміздері,  халықаралық деңгейде моындалған мемлекеттік шекарасы бар, нарықтық экономикаға бейімделген елге айналуымыз мемлекет құраушы қазақ халқының өзге ұлт диаспораларымен қарым-қатынасқа татулық пен бірлікте болуының нәтижесі деп түсінуіміз керек.                                                                  Қаңтар қасіреті тәуелсіздіктің 30 жылында жеткен жетістіктер мен бірге елімізде саяси, экономикалық, әлеуметтік әділеттілік, ұлттық мемлекеттік идеология салаларында  елімізде қордаланып, елді бас көтеруге мәжбүр еткен келеңсіз жағдайлардың  өте көп болғандығына биліктің көзін жеткізген, билік пен халықтың бұрынғыша өмір сүре алмайтындығының және мемлекеттік басқару, заң шығарушылық, өкілді және құқық қорғау органдарының жұмысында өзгерістер жасауға нағыз бетбұрыс жасауға мәжбүр еткен жағдай болғаны шындық. Халықтың бейбіт шеруін қанды қақтығысқа ұластырған қасқөйлердің  мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған арамниетті пиғылы Президентіміз    Қ. Тоқаевтың амалсыздан мәжбүрлі жағдайда батыл шешім қабылдауының нәтижесінде жүзеге аспай, баға жетпес ең қымбат ұлттық құндылығымыз-егемендігімізді сақтап қалдық. Жүздеген азаматтарымыздың қаны төгілуіне алып келген қасіретті жағдай бұрынғы жүйенің халық алдында өз қызметін талапқа сай атқармағанының себебі  мен ауыр зардабы десек болады.                                                                                                     Өміріміздегі осынау  оңды процесстің басты өзегі мемлекетімізде жарияланған Конституцияның 33 бабына 56  өзгерістер енгізу  жөніндегі бүкілхалықтық референдум болып табылады.  Тәуелсіздіктің 30 жылында қаһарман ата-бабамыздың асыл аманаты болған қасиетті қазақ жері билікпен ауыз жаласқан алпауыттар мен билікке жақын азаматтардың,олардың жақындарының  «ханталапайына» түсті. Кеңес Одағы кезінде халықты асырайтын мемлекеттік бюджетті құрайтын ірі өндіріс пен кен орындары көбінесе шетелдік жеке тұлғаларға сутегінге сатылып кетті, жоғары саяси билік пен экономикалық салаларда мемлекеттік саяси элита мен атқарушы билікке ықпалы зор белгілі топтың монополиясы пайда болып, демократия мен плюрализм қағидалары өрескел түрде тапталды, азаматтарымыздың құқықтарын қорғау жүйесі де толыққанды жұмыс атқармады десек те болады.                                                                                            Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев билік құрған 3 жыл көлемінде елімізде саяси реформаларды жасауға бет бұрушылық пен әлеуметтік әділеттілік қағидаларын орнатуға өз мүмкіндігінше қадамдар жасап келе жатқанын  «мың өліп, мың тірілген» қайран көнбіс қазағымыз көңіліне медеу тұтып, болашақтан жақсы үміт күтіп отырғаны рас.            Дүрбелеңге толы қазіргі уақытта саяси реформалар мен әлеуметтік әділеттіліктің шынайы салтанат құруы үшін басты заңымыз-Конституцияға өзгерістер енгізу қажеттілігі туындады деуге болады.  Суперпрезиденттік басқару үлгісінен президенттік республикаға түбегейлі көшу, бірқатар билік өкілеттігін қайта бөлу, Парламенттің ролін күшейтіп, мәртебесін арттыру, ел басқару ісіне халықтың қатысу мүмкіндігін кеңейту, азаматтардың құқықтарын қорғау тәсілдерін жетілдіру мәселелдері бойынша референдум өткізілейін деп отыр.                                                                                                                          Мен тәжірибелі заңгер ретінде Конституциялық сот институтының  пайда болуын құптаймын. Оған жүгінуге азаматтарға кең құқық берілуінің өзі кейбір соттардың әділетсіз, сауатсыз шешімдеріне қажетті тосқауыл қояды деп есептеймін. Конституцияға енгізілгелі отырған тың өзгерістер бойынша президенттің құзыреті азаяды, Мәжілістің құзыреті артады, партияларды тіркеу тәртібі жеңілдейді, Парламент мәжілісіне және жергілікті мәслихаттарға тікелей сайлау, можаритарлық жүйе енеді. Бұл өзгерістер Парламент пен мәслихаттардың халыққа есеп беру жауапкершілігін жаңа сапалық деңгейге көтеретін болады.                                                                                                                  Белгілі бір топтың әбден орныққан саяси, экономикалық, әлеуметтік монополияларын жою орын жүзеге асып, демократия мен плюрализм принциптері өмірімізге шынайы енетін болса халықтың билікке сенімі артады, реформаларды жүйелі әрі сәтті жүзеге асыруға қиындық тумайды, қоғамда әдәуір дәрежеде эконоикалық, әлеуметтік, құқықтық әділеттілік орнайтын болады. Ең өкініштісі, түбегейлі реформаларды суқаны сүймейтін, халыққа тиесілі материалдық игіліктерді «сүліктей сорып» келген ат төбеліндей топтар оңай беріспейтіні шындық. Олар шамасы келгенше билікте әлі тапжылмай отырған  лауазымды, жүнді білек «өз адамдары» тарапынан кез келген халықтық бағыттағы саяси, экономикалық, әлеуметтік реформаларға тежеу қоятыны шындық. Халықты олар қаңтар оқиғасын қайталауға арандатуынан алдағы уақтта да әрқашан  сақ болуымыз керек.және реваншистік күштерге мемлекет тарапынан саяси, заңдық тұрғыда сауатты әрі батыл тойтарыс беру керек.                                                                                                                         Конституцияға енгізілетін өзгерістер қазақ мемлекетін дамудың жаңа сапалық деңгейіне көтеріп, халқымыздың әл-ауқатын жақсартады деп сенемін. Сол үшін президентіміздің оң өзгерістерге бағытталған қадамдарын бүкіл халық болып қолдап, арандатушылыққа ермей, сабыр сақтап, татулық пен бірлікте  әрбір қазақстандық ортақ Отанымыз-тәуелсіз Қазақстанның дамуы үшін аянбай еңбек етулері керек деп есептеймін.                                                                                                                  Мемлекетіміздің экономикалық әлеуетін арттыратын, халқымыздың әл-ауқатын жақсартатын мемлекетіміздегі стратегиялық маңызы бар өндірістік, тау-кен, мұнай, газ,  өндіру, энергетикалық, жоғары ғылыми-технологиялық бағыттағы салаларды мемлекет меншігіне қайтарып, ұлттық мемлекеттік холдинг ретінде қайта құрсақ жинақталған сыртқы қарыздан құтылып, мемлекеттік бюджетіміз толығумен қатар халқымыз берекелі, бейбіт қоғамда шынайы бақытты өмір сүретін болады. Ел басшылығы олгархтардағы стратегиялық маңызы бар ірі кәсіпорындарды,  ірі бұқаралық мәдени, спорттық,әлеуметтік, сауықтыру нысандарын, ірі көлемде заңсыз беріліп кеткен ауылшаруашылық жерлерді  мемлекет меншігіне қайтаруылары керек, халықтан әділетсіз, тізеге басып тартып алған кез келген мақсаттағы жерлерін, жылжымайтын мүліктерін қарапайым заңды меншік иелеріне қайтарсақ әлеуметтік және құқықтық әділеттілік орнайды деп санаймын.                                                                                                  Мен шынайы, кеңінен халықтың талқылауынан  өткен референдумды қолдаймын. Шынайы демократия, плюрализм, әлеуметтік-құқықтық әділеттілік, билік пен заң алдында барлық азаматтарымыздың тең құқығы сияқты конституцияға енгізілгелі отырған тың өзгерістер тәуелсіз қазақ мемлекетін жан-жақты дамудың жаңа деңгейіне көтеретін болады.                                                                                                                                 Референдум демократияның жарқын көрінісінің бірі деп есептеймін.

 

 БЕКМҰХАМЕТ СЕРІКБАЕВ,

«Қазақстанның Заңгерлер және Журналистер Одақтарының мүшесі»,

«Мейірім» Жаркент арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы»       КММ заңгері.


Комментарии


Комментариев пока нет

Пожалуйста, авторизуйтесь, чтобы оставить комментарий.

Авторизация
Введите Ваш логин или e-mail:

Пароль :
запомнить