Благотворительность — оказание бескорыстной (безвозмездной или на льготных условиях) помощи тем, кто в этом нуждается. Основной чертой благотворительности является свободный и непринуждённый выбор вида, времени и места, а также содержания помощи.
"Омикрон" белгілері, сақтық шаралары
« Назад«Омикрон» белгілері, сақтық шаралары.
«Омикрон» инфекциясының басты белгілерінің бірі - тамақтың ауруы болып келеді. Бұл белгіге ауырғандардың 80% шағымданады. Тамақ жыбырлап, қатты жөтелге өршиді. Сонымен қатар бас, көз айналасының ауруы, тәбетің болмауы, бұлшық еттердің ауруы, мұрынның бітелуі, түшкіру белгілелері болады. Ауруды жұқтыруға бейім топтарға- балалар мен қарттар, ілеспе аурулары бар адамдар жатады.
Науқастарға өз бетімен емделуге болмайды. Антибиотиктер мен тромболитиктерді дәрігердің нұсқауынсыз қабылдауға болмайды. Себебі бұл препараттарды бақылаусыз қабылдау микрофлораның теңгерімсіздігіне , дененің қорғаныс резервтерінің төмендеуіне және аурудың өршуіне әкеледі.
Науқасқа дәстүрлі әдістермен емделген тиімдірек. Жылы лимон қосылған шай, сұйықтық көп ішу, тұмауға қарсы дәрілерді қолдану, С, Д, В дәрумендерін магнийді қабылдау керек.
Сақтану шаралары:
- Масканы қолдану және оны әр 2-3 сағат сайын ауыстыру;
- Қолды тиянақты жуу;
- Антисептиктер қолдану;
- Адам көп жиналған жерден аулақ болу;
- Ауаны тазартып, ылғалды тазалауды жасап отыру.
Сонымен қатар, иммунитетті көтеру жолдарын қарастырған жөн. Бұл ретте стреске қарсы күрес. Психикалық шамадан тыс жүктеме, физикалық шамадан тыс жұмыс иммундық жүйені әлсіретеді. Өмірге оң көзқараспен қарап, салауатты өмір салтын ұстану керек.
- Дұрыс тамақтану. Көкөністер мен жемістерді жеткілікті пайдалану.(200 гр жемістер, 200гр көкөністер);
- Макро және микро элементерден тұратын С, Д, В дәрумендерін қабылдау;
- Толыққанды ұйқы (7-8 сағаттан кем емес) қараңғы бөлмеде. Жарық бөлмедегі ұйқы мелатониннің синтезіне кері әсер етіп, организмнің қалыпқа келуіне кедергі болады.
- Күнделікті 30 минут жаяу жүру, қозғалыс режимін ұстанып, таза ауада серуендеу керек.
Комментарии
Комментариев пока нет
Пожалуйста, авторизуйтесь, чтобы оставить комментарий.