Благотворительность — оказание бескорыстной (безвозмездной или на льготных условиях) помощи тем, кто в этом нуждается. Основной чертой благотворительности является свободный и непринуждённый выбор вида, времени и места, а также содержания помощи.
Мейірімдегі мереке
« Назад«Мейірімдегі» мереке.
«Мейірім» Жаркент арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде еңбек ұжымы мен мекеменің қызмет алушы- тұрғындарының қатысуымен өткізілген мәдени-концерттік бағдарлама әлемнің сегізінші кереметі саналатын қасиетті Елордамыз-Астананың 20 жылдығына арналды. Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылған салтанатты шараны «Жақсылықтың нышанындай, жаның сүйген адамның жып-жылы құшағындай, саф алтындай тазалығы мен сұлулығын берген, рахат-кәусар сәулелерін төгетін, көңілдерге қуаныштар егетін, имандылық пен қыздардың мінезіндей ибалылық себетін жайма-шуақ жаз мерекесі, мерейі үстем Астанамыздың 20 жылдық мерекесі мен әлемде теңдесі жоқ дара басшы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың туған күні құтты болсын!»,-деп басталатын ерекше мазмұнды құттықтау сөзбен ашқан, он саусағынан өнер тамған, әдебиет пен өнер десе ішкен асын жерге қоятын, білікті мекеме басшысы Амантай Раев мерекелік шараға қатысушыларды айтулы мемлекеттік мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, оларға мықты денсаулық, бақытты да баянды өмір, шаңырақтарына шаттық пен молшылық тіледі.
Жеңіс пен жетістіктің кілтін достықпен тапқан нартәуекелдің, асқақ асуы биік жандардың қаласы, халқының «Мәңгілік елге» айналғанын, бірлігін, тындырымды тірлігін, баянды тәуелсіздігін ойлап Елбасының салған қаласы Евразия кіндігіне орналасқан Алты Алаштың бас қосқан қасиетті мекені, кемел келешегі бар жаңа Астана бүгінде әлемдік саясатта тиімді ықпал жасайтын, Қазақстан жайында өркениетті түсінік қалыптастыратын, қазіргі заманның ғаламдық деңгейдегі ең ірі геосаяси жобаларының бірі саналады.
Қуаныш пен Назым кезектесіп жүргізген мәдени-концерттік бағдарламада мекеме қызметкерлері С.Ерасылдың «Нартұлға», А.Нұрғизаттың «Астана», «Туған өлке», Б.Сәрсебековтың «Шұбар ат», Қ.Айтбергенұлының «Арман қала», М.Жасболаттың «Туған жер» әндерін, Ә.Ермекқызының «Елорда» жыры, фольклорлық ансамбльдің орындауындағы С.Құсайыновтың «Мерекем» күйі көпшіліктің көңілінен шығып, ерекше безендірілген мекеме ауласын думанға бөледі. Кілең жүректері мейірім шапағатына толы қызметкерлер қызмет атқаратын «Мейірімдегі» көркі көз тартқан сахна төрінде мерекелік шараның көркін қыздырған өнерпаздар мен шараға қатысушылар естелік суретке түсіп, думанды ортадан ризалық көңілдермен қимай тарасып жатты.
Бекмұхамет Серікбаев,
Қазақстан Заңгерлер Одағының мүшесі.
Комментарии
Комментариев пока нет
Пожалуйста, авторизуйтесь, чтобы оставить комментарий.