Главная \ Новости и события \ Мемлекеттік рәміздер-елдігіміздін белгісі

Благотворительность — оказание бескорыстной (безвозмездной или на льготных условиях) помощи тем, кто в этом нуждается. Основной чертой благотворительности является свободный и непринуждённый выбор вида, времени и места, а также содержания помощи.

Сергей Иванов, глава фонда помощи детям.

Мемлекеттік рәміздер-елдігіміздін белгісі

« Назад

02.06.2022 12:33

Мемлекеттік рәміздер-елдігіміздің белгісі

Қахарман, текті ата-бабамыз сан ғасырлар бойы ерлікпен күрес жүргізе жүріп армандаған азаттыққа жеткеімізге де отыз жылдан асты. Аңсап жеткен азаттықтың арқасында еліміз  беделді, ірі халықаралық ұйымдарға мүше болды, шекарасын белгілеп, бекіттірді, нарықтық экономикаға бейімделді және Қазақстан Республикасының Конституциясының 9-бабына сәйкес  өзіндік мемлекеттік рәміздері-Туы, Елтаңбасы, Гимні (Әнұраны) бар тәуелсіз елге айналды.                                                           Осы мемлекеттік рәміздердің сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі де заңмен белгіленді. Сонымен бірге 34-баптың 2-бөлігінде : «Әркім республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті» деп жазылғаны себепті әрбір қазақстандықтың елдігіміздің үлпетті үлгісі болып табылатын мемлекеттік рәміздерді  өзі де құрметтеуі және өзгелердің  не оны қорлауына жол бермеуі керек деп есептеймін. Әсіресе, мемлекетаралық ресми және әлемдік деңгейдегі спорттық шараларда көк туымыз салтанатты түрде көтеріліп, Әнұранымыз орындалғанда жүрегімізді Отанға деген патриоттық сезіміміз кернеп, жан дүниемізді қуаныш сезімі билеп, ұлттық рухымыз асқақтайтыны шындық.                               Елдігіміздің, егемендігіміздің жарқын көрінісі болып табылатын мемлекеттік рәміздеріміздің өмірімізге енгеніне отыз жыл болыпты. Ұлттық Академияның мерейтойлық сессиясында мемлекет басшысы Қ. Тоқаев жастардың патриоттық сезімін нығайту, рәміздерімізге бүкіл қоғам болып құрметпен қарау керектігі туралы айта келіп, рәміздерімізге қатысты келеңсіз жағдайлардың орын алуына байланысты әсіресе мемлекеттік туды пайдалану тәртібін заңмен қайта белгілеу туралы айтқан орынды ұсынысы мен сынын қасиетті қазақ мемлекетінің  патриоты ретінде қолдауымыз керек.        Ұлттық құндылықтарымыз болып табылатын мемлекеттік рәміздерімізге құрмет көрсетуді, оның маңызын алдымен зиялы қауым, мемлекеттік және мемлекеттік емес  ұйымдардың  лауазымды тұлғалары, барлық мемлекеттік қызметкерлер, интеллигенция көпшілікке кеңінен насихаттауды өздерінің азаматтық және қызметтік міндеті әрі борышы ретінде түсінулері керек.                               Ағымдағы жылдың 25 мамырында Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өткен «Shiza» атауымен белгілі «Ирина Кайратовна»  тобындағы А. Жолшиев, А. Маркленов   есімді әншілердің концертінде А. Жолшиевтің масаң күйде туымызды қолына орап, былапыт сөздер айтқан әрекеті үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес ең қатал жаза белгіленуі керек.                                                                                                 Өнер адамдары қай ұлттың, мемлекеттің  болса да бетайнасы болып табылатындықтан  бірінші кезекте әдептілік қағидаларын қатаң сақтаулары керек еді. Осындай келеңсіз жағдайлардың бұрын да орын алғаны, әлі күнге дейін жалғасуы елдігімізге сын, ондай жүгенсіздікке дер кезінде құқық қорғау және мемлекеттік органдар тарапынан қатаң шара қолдану үшін тиісті заңға өзгеріс енгізу керек.          Ал, біздің мекемеде мемлекеттік рәміздерімізге деген құрмет ерекше. Мекеме басшылығы әрбір қызметкеріміздің мемлекеттік рәміздерімізге құрметпен қарауына ерекше көңіл бөліп отырады. Жыл сайын мемлекеттік рәміздерге арналған саяси, мәдени-концерттік шаралардың жоғары деңгейде өткізіліп отырылуы игі дәстүрге айналғандығын ерекше атап өткім келеді.                                         Елдігіміздің белгісі болып табылатын мемлекеттік рәміздерімізге бүкіл қоғам болып құрметпен қарағанымыз алдымен өзімізді сыйлағанымыз екенін әрдайым ұмытпайық, ағайын !

 

Бекмұхамет Серікбаев,                                                                                                                «Қазақстанның Заңгерлер және Журналистер Одақтарының мүшесі»,                                            «Мейірім» Жаркент арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы»                                              коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңгері.                                                                           

 Жаркент қаласы.


Комментарии


Комментариев пока нет

Пожалуйста, авторизуйтесь, чтобы оставить комментарий.

Авторизация
Введите Ваш логин или e-mail:

Пароль :
запомнить