Главная \ Новости и события \ «Мейірім жүректен шығады, пейіл тілектен туады»

Благотворительность — оказание бескорыстной (безвозмездной или на льготных условиях) помощи тем, кто в этом нуждается. Основной чертой благотворительности является свободный и непринуждённый выбор вида, времени и места, а также содержания помощи.

Сергей Иванов, глава фонда помощи детям.

«Мейірім жүректен шығады, пейіл тілектен туады»

« Назад

27.10.2021 09:55

«Мейірім жүректен шығады, пейіл тілектен туады»

Қазақстан Республикасының  Президентінің Жарлығымен қазан айының соңғы жексенбісі әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні болып белгіленген. Әлеуметтік сала қызметкерлері зейнеткерлерге, жан жылуын, адамзат мейірімін күтетін қамкөңіл жандарға, көп балалы отбасыларға, табысы аз азаматтарға көмек қолын созып келеді. Еңбектерінің арқасында тіршілік тынысы тарылып, өмірлік қиын жағдайға душар болған азаматтар қажетті қолдау алып, еңсесін тіктеуде. Оларға болашаққа деген үміт сыйлап, өз міндеттерін жауапкершілікпен орындап жүр.
Сол себепті, Әлеуметтік қорғау жүйесі - үлкен жауапкершілік, кәсіби біліктілікпен қатар адами қасиеттерді талап ететін сала.
        Төтенше жағдай кезінде әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері үздіксіз 24 сағат жұмыс жасады. Қатаң карантин кезеңінде тұрғындардың сауалдарына, талаптарына жауап беріп  халықтың ризашылығына бөленді. Тоқырау жылдары саланың ыстық-суығына төзіп, жұмыстың дұрыс жүруіне зор үлес қосқан азаматтарымыз ел игілігі үшін атқарған еңбектері қашанда жастарға үлгі-өнеге. Адами ізгі қасиеттерді талап ететін салмағы ауыр салада еңбек үздіктері де бар. Кәсібіне адалдықпен, жабыққан тағдырларға жауапкершілікпен қарап, жүрегіне мейірім шуағын ұялатқан, айналасынан жәрдем күткен азаматтардың қайғысы мен қиындығын бөлісіп, бірге еңсеру үшін, әлеуметтік сала қызметкерлері еңбек етуде.
«Мейірім жүректен шығады, пейіл тілектен туады» деп бекер айтылмаса керек.
картинка


Комментарии


Комментариев пока нет

Пожалуйста, авторизуйтесь, чтобы оставить комментарий.

Авторизация
Введите Ваш логин или e-mail:

Пароль :
запомнить