Главная \ Новости и события \ Мейірім мекеніндегі мереке

Благотворительность — оказание бескорыстной (безвозмездной или на льготных условиях) помощи тем, кто в этом нуждается. Основной чертой благотворительности является свободный и непринуждённый выбор вида, времени и места, а также содержания помощи.

Сергей Иванов, глава фонда помощи детям.

Мейірім мекеніндегі мереке

« Назад

29.10.2021 14:04

                                        

WhatsApp Image 2021-10-29 at 16.52.34 (1)       

WhatsApp Image 2021-10-28 at 12.28.31 (1)

  Мейірім мекеніндегі мереке

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қазан айының соңғы жексенбісі әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болып аталып өтіп келеді. 

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жан жылуы мен сан алуан әлеуметтік қызмет түрлерін жоғары сапалы деңгейде көрсетіп келе жатқан «Мейірім» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде де айтулы мерекенің жыл сайын өтуі игі дәстүрге айналып келеді. Айрықша безендірілген аулада  іс-шараны жүргізуші мәдени қызметкерлер М. Жасболат пен Ш. Тұрсынғалиқызы сабырлық пен қайырымдылық, махаббат пен мейірімділік мерекесін ашық деп жариялаған соң мемлекетіміздің әнұраны салтанатты жағдайда ойналды.

Алғашқы құттықтау сөзді алған білікті басшы, орталық директоры А. Раев тәуелсіз еліміздегі әлеуметтік қорғау жүйесі әрбір қызметкерден үлкен азаматтық  жауапкершілікті, мейірімділік пен жанашырлықты, кәсіби біліктілік пен адамзатқа тән ортақ құндылықтарды өз жұмыстарында күнделікті кәсіби тұрғыда ұтымды пайдалануды талап ететін әлеуметтік сала екенін атап көрсетті. 

Аса ауыр, жауапты жұмыс нәтижесінде тіршілік тынысы тарылып, қиын да қилы тағдыр тәлкегіне түскен азаматтарға қажетті барлық қызмет түрлерін көрсететін мекемедегі аяулы асыл жандарға құрмет көрсету мемлекетіміздің басты әлеуметтік міндеті болып табылатынын айтып, қатысушыларды кәсіби мерекемен құттықтап, адамзатқа тән барлық жақсылықтарды тілесе, салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы Алматы облыстық филиалының төрайымы С. Ахмадиева ерен еңбегімен көзге түскен қызметкерлерді мақтау қағаздарымен марапаттады.

Мәдени-концерттік бағдарламада ұлттық киімдері көздің жауын алған әжелер вокалы «Мерекеге шашу», қызмет алушы Л. Лапина «Счастье в руки не поймаешь», мәдени қызметкер  Н. Батпақбаев «Сезім вальсі»,  әлеуметтік қызметкер Н.Ибрагимова «Ұйғыр халқының биі», қызметкерлер Н. Сыдықжанов пен Ә. Байсеркееваның суырып салма ақындығымен көпшілікті тәнті еткен 1-2-бөлімшелер арасындағы әзіл айтысы,  қызметкер А. Байбураева «Арыс жағасында», жігіттер квартеті «Қызыл көйлек»,  «Ұлы дала», Қ. Айтберген «Аялдама», М. Жасболат пен Ш. Тұрсынғали орындаған «Ақ тамақ» әндері  көпшілік көңілінен шықты.

Күн бар шуағы мен жылуын төккен күздің жанға жайлы қоңыр салқын күнінде мейірім мекенінде  өткен әлеуметтік сала қызметкерлерінің кәсіби мерекесі  көңілдерге қуаныш сыйлап, әр жүректі нұрландыра түскен рухани маңызы үлкен іс-шара болды десек болады.

 

Бекмұхамет СЕРІКБАЕВ,

Қазақстанның Заңгерлер және Журналистер Одақтарының мүшесі,

орталық заңгері.


Комментарии


Комментариев пока нет

Пожалуйста, авторизуйтесь, чтобы оставить комментарий.

Авторизация
Введите Ваш логин или e-mail:

Пароль :
запомнить