Благотворительность — оказание бескорыстной (безвозмездной или на льготных условиях) помощи тем, кто в этом нуждается. Основной чертой благотворительности является свободный и непринуждённый выбор вида, времени и места, а также содержания помощи.
Медицина қызметкерлер күні
« НазадЕлімізде маусымның əр үшінші жексенбісі – медицина қызметкерлерінің күні аталып өтеді. Осы атаулы күні адам жанының арашашысы, ақ халатты абзал жандарға арнайы құрмет көрсетіліп, еңбектері ерекше еленеді. Денсаулығымыз сыр беріп, жанымыз қысылғанда көмек қолын созуға қашанда дайын тұратын дəрігерлерді əрдайым дəріптеуіміз керек. Күні-түні жарғақ құлағы жастыққа тимей, тынымсыз жұмысқа жегіліп, тығырықтан шығар жол іздеп, қауіпті дерттің емін табуға бар білім-білігін, күш-жігерін салып жатқан дəрігерлердің талпынысы жұртшылықтың көңілінен шығуда.
Бүгінде бүкіл еліміз дəрігерлер мен медицина қызметкерлерінің қайсарлығына тəнті болуда. Олар – адам өміріне араша түсіп жатқан бүгінгі күннің батырлары. Расында, адамзаттың амандығына, жұмыр жердің тұтастығына орасан қауіп төндіріп тұрған індетті ғалымдардың, дəрігерлердің күшімен ғана жеңе аламыз. Медицина саласының мамандары қандай мəртебеге, марапатқа болсын əбден лайық. Соған сəйкес құрмет көрсету – əрбіріміздің азаматтық борышымыз.
2022 жылдың маусым айының 17-сі күні «Мейірім» Жаркент арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы КММ –де медицина қызметкерлерінің төл мерекесіне орай іс-шара ұйымдастырылды. Алғашқы сөзді орталық директор А.А.Раев құттықтау сөзімен бастап, 7 медицина қызметкерлеріне алғыс хат табыстап, марапаттады. Арнайы ұйымдастырылған, аудан өнерпаздары мен мектеп оқушылары ат салысқан концерттік бағдарлама көпшіліктің көңілінен шықты. Қызмет алушылар ортаға шығып, би билеп, медицина қызметкерлеріне алғыстарын білдіріп жатты. Мерекелік шара спорт алаңындағы спорттық ойындармен жалғасын тапты.
Комментарии
Комментариев пока нет
Пожалуйста, авторизуйтесь, чтобы оставить комментарий.