Главная \ Новости и события \ Қоғамдық кеңес отырысы

Благотворительность — оказание бескорыстной (безвозмездной или на льготных условиях) помощи тем, кто в этом нуждается. Основной чертой благотворительности является свободный и непринуждённый выбор вида, времени и места, а также содержания помощи.

Сергей Иванов, глава фонда помощи детям.

Қоғамдық кеңес отырысы

« Назад

14.07.2020 00:00

кеңес отырысы

«Мейірім» Жаркент арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ

 

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

14.07.2020жыл

Орталық жанынан қызмет алушылардың құқықтарының сақталуына, оның ішінде қолма-қол ақшаны және бақылау шоттарындағы қаражаттың мақсатты жұмсалуына тұрақты негізде қоғамдық бақылау жүргізу үшін   Алматы облысынының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ «Мейірім» Жаркент арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ директорының 2020 жылғы 2 маусымдағы №60-ө бұйрығымен құрылған, құрамында аудандағы белгілі қоғам қайраткерлері, белсенді азаматтар мен ата-аналар қамтылған қоғамдық кеңес мүшелері 14-шілде күні бас қосып, орталықтың қалыптасуы, атқаратын қызметтері және жасалынып отырған жұмыстары туралы, қызмет алушылардың тұрмыс-тіршілігімен танысты.

      Орталықта психоневрологиялық аурулары бар 320 қызмет алушыларға стандартқа сәйкес барлық қажетті қызмет түрлері дер кезінде, сапалы көрсетіледі. Қызмет алушылардың пандемияға дейінгі кезеңде орталықтың мәдени, спорт саласындағы қызметкерлерінің ұйымдастырумен мемлекеттік мерекелерге т.б. мәдени-спорттық шараларға белсене қатысып өздерінің қоғамның толыққанды мүшесі екенін сезінуіне барлық мүмкіндіктер қарастырылуда. Қоғамдық кеңес мүшелері қызмет алушыларға медициналық, әлеуметтік, тұрмыстық, құқықтық қызмет түрлерінің  қолжетімділігін сараптап, құжаттармен танысып, орталықта карантин режимі тиісті талап деңгейінде сақталғанын, коронавирус инфекциясының алдын алу және онымен күресу жолындағы дезинфекциялық және өзге де қауіпсіздік шараларымен жан-жақты танысып, атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді.

Сонымен қатар Қоғамдық кеңес мүшелері ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығындағы қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражаттың жұмсалуын қарап, алдағы уақытта қажеттіліктерді дұрыс нақтылап алып, Қазақстандық өндіріс орындарында жасалынған товарлардың басымдыққа ие болуын қатаң ескерілуін басшылыққа алуды көздейтін іс-шара жасап, тиісті жұмыс жүргізілуін бақылауға қойды. Кеңес мүшелері әр айдың соңғы жұмасы кездесіп тұру туралы шешімге келді.

 

 

Директор                                       А.Раев


Комментарии


Комментариев пока нет

Пожалуйста, авторизуйтесь, чтобы оставить комментарий.

Авторизация
Введите Ваш логин или e-mail:

Пароль :
запомнить