Благотворительность — оказание бескорыстной (безвозмездной или на льготных условиях) помощи тем, кто в этом нуждается. Основной чертой благотворительности является свободный и непринуждённый выбор вида, времени и места, а также содержания помощи.
Қазақстан дамуының жаңа кезеңі
« НазадҚазақстан дамуының жаңа кезеңі басталды.
2019 жылдың 9 маусымы күнгі халықаралық демократия қағидаларына сәйкес өткен Қазақстан Республикасының Президентінің кезектен тыс сайлауында егемен елімізді Тұңғыш Президент, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевпен бірге құрысып, дамудың сара жолына түсірген жоғарғы мемлекеттік басқарудың сан саласында басшылық қызметтерде жемісті еңбек еткен халқымыздың біртуар ұлы, текті, зиялы азаматтың ұрпағы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айқын жеңіске жеткені бәрімізге белгілі.
Бүгін 12 маусымда қасиетті елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне ресми түрде кірісуін заңды түрде бекітуге арналған салтанатты ұлықтау рәсімінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 42-бабына сәйкес жаңа сайланған Казақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев Қазақстан халқының алдында ант берген ерекше тарихи сәттің куәсі болдық.
Өзінің сайлауалды бағдарламасында бейбітшілік пен келісімді, ортақ игілік, Қазақстанның өркендеуі мен гүлденуі жолында аянбай еңбек етуді өзінің басты мақсат етіп алған Қ-Ж.Тоқаевтың сайлаудағы жеңісі заңды құбылыс деуге болады. Қоғамымызда тұрақтылықты, бірлікті, экономикалық өркендеуді алдағы қызметіне темірқазық етіп алған президенттің басты он бағыт бойынша белгілеген бағдарлары қуатты, гүлденген Қазақстанды қалыптастырады, еліміздің өркендеуіне, халқымыздың әлеуметтік жағдайының жақсаруына, конституциямызбен бекітілген мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы - азаматтарымыздың заңды құқылары мен мүдделерін, құқықтары мен бостандықтарын барлық мемлекеттік және құқық қорғау органдары, лауазымды тұлғалар тарапынан әділетті қорғауға жол ашады деп есептейміз.
«Еліміздің әр азаматының мүддесін қорғау-менің басты мақсатым»,-деп өз ант беру рәсімінде атап көрсетуінің өзі нағыз халықтық демократияның, қарапайымдылықтың және өз халқына жақындықтың үлгісі деп қабылдаймыз.
Сабырлы, дана, көреген халқымыздың адал сенімін арқалаған жаңа президентіміз Қ.К.Тоқаевтың Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бүкіл әлем мойындаған озық үлгідегі мемлекеттік құрылысының даму моделін ары қарай жетілдіретіні, барлық стратегиялық бағдарламаларын сенімді жалғастыратыны, қоғаммен ашық әрі әділ жұмыс істеу тәсілін қолданатыны туралы уәдесі көңілге қуаныш сыйлады.
Тәуелсіздігімізді одан әрі нығайтып, елімізді дамудың жаңа өркениетті сатысына көтеретін Қазақстан Республикасы Президентінің қызметіне жаңа кіріскен Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтай ірі мемлекет және қоғам қайраткеріне еліміздің нұрлы, берекелі, бейбіт болашағы үшін жасайтын әрбір ісіңіз сәтті болсын демекпіз!
«Мейірім» Жаркент арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы ұжымы.
Жаркент қаласы,
Алматы облысы.
Комментарии
Комментариев пока нет
Пожалуйста, авторизуйтесь, чтобы оставить комментарий.