Главная \ Новости и события \ Қауіпсіздік басты назарда

Благотворительность — оказание бескорыстной (безвозмездной или на льготных условиях) помощи тем, кто в этом нуждается. Основной чертой благотворительности является свободный и непринуждённый выбор вида, времени и места, а также содержания помощи.

Сергей Иванов, глава фонда помощи детям.

Қауіпсіздік басты назарда

« Назад

18.07.2022 08:25

WhatsApp Image 2022-07-18 at 11.31.27

«Мейірім» Жаркент арнаулы  әлеуметтік  қызмет көрсету орталығы» КММ-де  Панфилов ауданының төтенше  жағдайлар бөлімінің аға инженері, майор  А. Бекжигитов  оқу-жаттығу шарасын  өткізді. Ол өрт қауіпсіздігі  жағдайындағы алғашқы іс-әрекет, әр адамның білуі тиісті іс-қимыл ережелерін түсіндірді. Сонымен қатар адамдарды эвакуациялау және өрт сөндіру құралымен жұмыс жасау туралы мәліметтер берді. Мекеменің қызметкерлерімен адамдарды эвакуациялау жайында сұрақ-жауап өткізді.

Өз сөзінде А.Бекжигитов төмендегі мағлұматтармен бөлісті:

112 – төтенше жағдайлар департаментінің бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметінің  телефон нөмірі.

Осы телефон нөмірі бойынша тәулік бойы төтенше жағдайдың қаупі немесе туындауы не шұғыл көмекті қажет ететін өзге де жағдайлар туралы хабарлама қабылдайтын болады. Егер сіз өмірге, денсаулыққа, мүлікке, қоршаған ортаға нақты қауіп төнгенде немесе аталған қауіп-қатерлердің туындауының нақты себебі болғанда шұғыл көмекке мұқтаж болсаңыз ғана осы нөмір бойынша қоңырау шалу қажет.

  • өрт сөндіру қызметі- 101,
  • полиция -102,
  • Жедел медициналық көмек -103,
  • авариялық газ қызметі -104.

     Барлық жағдайларды ескере отырып, белгілі бір шұғыл қызметке тікелей қоңырау шалу дұрыс болуы мүмкін. Бұл ретте кез келген телефоннан (ұялы, станционар, таксофоннан) шұғыл қызмет нөміріне қоңырау шалу тегін болады.

       112 нөмірі бойынша көмекке жүгінген кезде нақты және анық хабарлау қажет:

  1. шақыру себебі;
  2. оқиғаның нақты мекенжайы;
  3. аты-жөнін атап;
  4. мүмкіндігінше, диспетчердің барлық сұрақтарына тыныш және түсінікті жауап беру.

         Қоғамдық орындардағы қауіпсіздік аса маңызды. Әсіресе, адам көп жиналатын ғимараттардағы тәртіп бірінші кезекте сақталуы тиіс. Себебі, төтенше оқиға туындай қалғанда адамдардың өздерін сабырлы ұстап, ережеге сәйкес әрекет етуі көп адамның өмірін сақтап қалуда сеп болады.

 


Комментарии


Комментариев пока нет

Пожалуйста, авторизуйтесь, чтобы оставить комментарий.

Авторизация
Введите Ваш логин или e-mail:

Пароль :
запомнить