Благотворительность — оказание бескорыстной (безвозмездной или на льготных условиях) помощи тем, кто в этом нуждается. Основной чертой благотворительности является свободный и непринуждённый выбор вида, времени и места, а также содержания помощи.
Қайырымдылық
« НазадҚайырымдылық.
«Қарттарым асыл қазынам»
Әлемдік деңгейдегі сарабдал саясаткер Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ерте заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын» деп атап көрсеткеніндей қазыналы қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға әрқашан қамқорлық қолын созу ұлттық коды мықты, тумысынан текті қазақ халқының қанына сіңген ізгі қасиеттің бірі болып табылады.
Республикамыздың барлық аймақтарында өтіп жатқан «Өзін өзі тану» пәні мұғалімдерінің рухани жаңғыру бағдарламасының аясында өтіп жатқан он күндігінде олар мәдени–концерттік бағдарламаларын көпшілік назарына ұсынуымен қатар қайырымдылық шарасымен де айналысуда. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Алматы облысы бойынша педагог қызметкелерін жаттықтырушы-әдіскері Берікгүл Абдыкалыкова бастаған ауданымыздағы мектептердің ұстаздары мен жас өнерпаздары облыстағы ең іргелі саналатын «Мейірім» Жаркент арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінде болып өздерінің мәдени-концерттік бағдарламасын ұсынып, қайырымдылық шарасын өткізді.
Жанаргүл Әділғазиева жүргізген мәдени бағдарламада ұстаздар «Айналайын», «Қазақ әндеріне попурий», А.Нұрышева «Наз», А.Айтберген мен И.Атамбаев «Әке, ана». Н.Әуелханова «Қос бәйтерегім», Д.Нұрболат «Мақтанам», «Еркеназ» бишілер тобы «Қазақ биі», Э.Мұхаметова «Татар биі», ал қызмет алушы Е.Нұрғалиев «Ақ маралым» әндерін орындап көпшілікке мол рухани азық сыйласа, ұлағатты ұстаздар мүмкіндігі шектеулі жандарға өздері әкелген әр түрлі сыйлықтарды үлестіріп қайырымдылық жасап одан әрі қуантышты еселеді.
320 қызмет алушыға сан түрлі кешенді әлеуметтік қызметтер көрсететін ірі еңбек ұжымының он саусағынан өнер тамған білікті басшысы Амантай Раев мазмұнды мәдени шараны қайырымдылықпен шебер ұштастырған ұстаздар мен өзге де өнерпаздардың өрелі өнерлерімен өрнектелген имандылық пен мейірімділіктеріне ұжым атынан жүрекжарды алғысын айтып, тәуелсіз ел тізгінін ұстар жас ұрпағымызға тәлімді тәрбие, терең білім беріп жатқан ұстаздардың еңбектеріне табыс, отбасылық бақыт тілеп, көпшілікке рухани азық сыйлағандарына ризашылық сезімін жеткізді.
Қайырымдылық шарасымен ұласқан мазмұнды мәдени-концерттік бағдарлама Алла мен мемлекетіміздің ықыласына әбден лайықты ауыр да сауапты іс атқарып жатқан мейірім мекеніндегі абзал жандар мен түрлі тағдырлы мүмкіндігі шектеулі жандарды рухани бір серпілтіп тастады десек болады.
Бекмұхамет СЕРІКБАЕВ,
Қазақстанның Заңгерлер және Журналистер Одағының мүшесі, «Мейірім» Жаркент арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталы КММ заңгері.
Комментарии
Комментариев пока нет
Пожалуйста, авторизуйтесь, чтобы оставить комментарий.