Главная \ Новости и события \ Қарттарымыз - қазынамыз

Благотворительность — оказание бескорыстной (безвозмездной или на льготных условиях) помощи тем, кто в этом нуждается. Основной чертой благотворительности является свободный и непринуждённый выбор вида, времени и места, а также содержания помощи.

Сергей Иванов, глава фонда помощи детям.

Қарттарымыз - қазынамыз

« Назад

29.09.2023 10:01

WhatsApp Image 2023-09-29 at 12.49.52

                                        Қарттарымыз-қазынамыз

 

«Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Мейірім» Жаркент арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 1 қазан-«Халықаралық қарттар күні» мерекесіне арналған мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өтті. Мекеменің гүлге оранған ауласы адамның талғамына сай ерекше  безендіріліп, көрмеге қойылған қызмет алушылардың қолынан шыққан өнер туындалары көз тартып тұрды.

Аулада қалықтаған әсем әуенмен бірге ескен берекелі күздің қоңыржай саумал самалы да көңіліңді жадыратып, тынысыңды ашып тұрған мерекелі алаңға қызмет алушылар мен мекеме қызметкерлерін айтулы мерекемен құттықтықтап келген Панфилов аудандық мәдениет үйінің «Жаркент әуендері»  халықтық үлгілі ән-би ансамблінің талантты өнерпаз қыздары мен жігіттерінің мәдени-концерттік бағдарламасын көпшілік назарларына ұсынатынын іс-шараны жүргізуші мекеме қызметкерлері Нұрболат Сыдықжанов пен Шынар Тұрсынғалиқызы жариялап өтті.

Тумысынан текті, пейілі мен мейірімі Ұлы Даласындай дархан қазағымыздың дәрия кеуде, тау мүсін қазыналы қарттарымызды сыйлауы қашанда болсын-еліміздің бұлжымас қағидасы екенін, үлкенге-құрмет, кішіге-ізет көрсету деген ұғымды ұрпағының бойына сіңіріп өсірген аға ұрпақ екенін және қариясын қадірлеп, ардагерлерін ардақтаған текті ел екенімізді де жүргізушілер сөздеріне алтын арқау етті.

Қарттарымыз еліміздің қазынасы һәм алтын қоры. Өмірлік тәжірибесі мол, даңқты ата-бабамыздың өмір, ерлік пен еңбек жолдары біз үшін аса құнды мұра екені, сол  ата-баба дәстүріне лайықты болу-біздің перзенттік парызымыз екені, тәуелсіз еліміздің өркендеуіне ерекше үлес қосқан ардагер қарттарымыздың бізге берген сапалы білім, саналы тәлім-тәрбиелерінің нәтижесінде бейбіт өмір сүріп жатқанымыз һәм мемлекет тарапынан да қазыналы қарттарымызға қамқорлық жасалып жатқаны да ерекше атап өтілді.

Өнерлерімен өрге жүзіп, атағы дүйім елімізге белгілі болған «Жаркент әуендері» ансамблінің  өнерпаздарының күмбірлеген күйлері, әсем сазды әндері мен биші қыздардың мың бұралған билері көпшілікке ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Айтулы мереке құрметіне мекемеге арнайы келіп өз өнерлерін көрсеткен ауданымыздың бетке ұстар өнер ұжымына мекеме басшысы Аман Абдықадырұлы мекеме ұжымы атынан алғыс айтып, өз жүрекжарды ізгі лебізін білдірді. Сондай-ақ мекемеде ұзақ жылдар медицина саласында жемісті қызмет етіп, немерелер сүйіп әже атанып, басқа жаққа сүйікті перзенттерінің қасына бару үшін жұмыстан босап кетіп бара жатқан Нұрсәуле Мұсабекованың сіңірген еңбегіне ұжым атынан ризашылық білдіріп, алдағы өміріне жақсылықтар тіледі. Қазыналы қарттарымызға арналған тартымды мерекелік  мәдени-концерттік бағдарлама соңы естелік суреттерге түсумен аяқталды.

 Бекмұхамет СЕРІКБАЕВ,

заңгер-журналист, мекеме заңгері

WhatsApp Image 2023-09-29 at 12.50.23

WhatsApp Image 2023-09-29 at 12.48.42 WhatsApp Image 2023-09-29 at 12.47.42


Комментарии


Комментариев пока нет

Пожалуйста, авторизуйтесь, чтобы оставить комментарий.

Авторизация
Введите Ваш логин или e-mail:

Пароль :
запомнить