Благотворительность — оказание бескорыстной (безвозмездной или на льготных условиях) помощи тем, кто в этом нуждается. Основной чертой благотворительности является свободный и непринуждённый выбор вида, времени и места, а также содержания помощи.
Іс- шара "Ән мен әнші"
« НазадӘн көңілдің ажары
Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Мейірім» Жаркент арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мәдени қызметкекрлердің ұйымдастырумен мекеме көркемөнерпаздары мен қызмет алушылардың бірлесіп дайындаған мазмұнды «Ән мен әнші» мәдени-концерттік бағдарламасының жүргізушілері М. Жасболат пен Ш.Тұрсынғалиқызы алғашқы құттықтау сөзді мекеме директоры А. Раевқа берді.
Амантай Абдықадырұлы өз кезегінде ерекше безендірілген залда мерекелік шараға қатысушыларға шығармашылық табыстар тілеумен қатар 50 жасқа келген мекеме қызметкерлеріне зор денсаулық, отбасылық бақыт, сауапты қызметтеріне табыс тілеп, мекеме басшылығы мен кәсіподақ ұйымының атынан арнаулы сыйлықтары мен гүл шоқтарын табыстады.
Қазақтың халық әндері мен билері, өзге түрлі ұлт өкілдерінің әндері мен мың бұралған билері көпшіліктің көңілін ажарландыра түскен игі шара болды.
Мерекелік шара соңы естелік суреттерге түсумен аяқталды.
Бекмұхамет СӘЛІМҰЛЫ,
«Қазақстанның Заңгерлер және Журналистер Одақтарының мүшесі»,
мекеме заңгері
Комментарии
Комментариев пока нет
Пожалуйста, авторизуйтесь, чтобы оставить комментарий.