Благотворительность — оказание бескорыстной (безвозмездной или на льготных условиях) помощи тем, кто в этом нуждается. Основной чертой благотворительности является свободный и непринуждённый выбор вида, времени и места, а также содержания помощи.
Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеттері
« НазадДәрілік өсімдіктердің емдік қасиеттері
Алтын тамыр
Сабағы тік өсетін, көп жылдық шөп тектес өсімдік. Дәрілік шикізат ретінде оның барлық түрінің тамыры жиналады. Дұрыс жиналып, сақталған бұл өсімдік тамыры 2,5-3 жылға дейін шипалық қасиетін жоймайды. Алтын тамырдың құрамын-дағы экстракт ағзаның дене жұмысына шыдамдылығын арттырады, жүрек-қан тамырлары жүйесін жақсартады, жоғарғы жүйке жүйесінің ыр-ғағына жағымды әсер етеді, қан қысымын реттейді. Оны орнымен қолданбаса, кейбір адамдардың қан қысымын арттырып та жібереді. Адыраспан. Дәрілік шикізат ретінде шілде айында бұтақшаларын, жапырағы мен гүлін жинап алады. Ол – улы өсімдік. Халық емшілері адыраспанды адамның құяңын, сегізкөздің жүйке ауруын емдеуге пайдаланған. Мал-дә-рігерлік тәжірибеде оның тұнбасымен малдың қышыма қотырын, түрлі тері ауруларын емдейді.
Арша
Оны кәдімгі арша, ем арша деп те айтады. Биіктігі 1-3,5 метр, қысы-жазы көгеріп тұратын, бұталы өсімдік. Қара күзде өсімдіктің піскен жемісі (қаракөк түстілері) жинап алынып, ашық жерде ептеп кептіреді. Халық емінде арша жемісі ежелден-ақ несеп айдайтын және қуықтың қабынуын басатын дәрі ретінде қолданылып келеді. Аршамен тіс тазалау пайдалы. Ащы мия. Оны ақ мия деп те атайды. Көп жылдық шөп тектес өсімдік. Бүкіл шөбі мен тұқымы дәрі. Басты ем болатын аурулары: жедел және созылмалы ди-зентерияға; асқазан ауырып, аздап запыран құсқанда; шиқан, сыздауық және басқа жарақаттың іріңдеуіне, жара-ларға; қышыма, бөріткен, ес-кілікті теміреткіге; ақ кір көп келуге. Улы дәрі. Абайлап қолдану қажет. Ащы қарбыз. Көп жылдық өрмелегіш сабақты өсімдік, ұзындығы он сантиметрдей. Тамыр түйнегі етті, сабағы көп бұтақты, мұртша ширатылып өседі. Басты ем болатын аурулары: кеңірдекшелердің созылмалы қабынуына; кеуде толып, тынышсызданып ауырғанда; жүрек шаншып ауырғанда; емшек безінің шұ-ғыл қабынуына; жұтқыншақ ауырып, үн қарлығуына. Ащы қарбыз тамыры қанды несеп ауруына ем болады.
Қарандыз
Сазды жерде өседі. Түбін дәрі ретінде пайдаланады. Жөтелгенде түбірін аршып ауызға салады. ==Жербауырсақ== Жусанға, басқа шөпке жабысып өседі, бауырсаққа ұқсас. Оны қуығы тұтылған адам емге ішеді. Шырғанақ. Бұтағы тікенді, аса жуан емес, іші сары қатты ағаш. Оны ыстық-суық болып ауырғанда емдік дәрі ретінде қолданады.
Шетен
Биіктігі – 3-20 метрлік, жұқа сұрғылт қабықты, көп жылдық жабайы ағаш. Оның жемісін бауыр, өт ауруларын емдеуге, несеп, өт айдауға, бүйрекке және қуыққа байланған тасты түсіруге, іш жүргізуге пайдаланады.
Итмұрын жидектері
==Итмұрын== Жемісінің құра-мында илік заттар, С, К, Р, Е, В тобындағы дәрумендер, каротин, қант, лимон, алма қышқылдары, аздаған мөл-шерде белок, май, гликозидтер бар. Итмұрын жемісі, тұнбасы малға да, адамға да өте пайдалы. ==Орман бүлдіргені== Биіктігі 5-25 сантиметр, көп жылдық шөп тектес. Жемісі шілде, тамызда піседі. Жемісі-дәрумендердің бай қоры. Асқазан – ішек жұмысын жақсартады, адамның тағам-ға деген тәбетін арттырады, ас қорыту органдарының қабынуын басады, бауыр, бүй-рек ауруларына ем.
Жалбыз
Ерін гүлділер тұқымдасы, хош иісті, көп жылдық, кейде бір жылдық шөптесін өсімдік. Жалбыздың жапырағында ментол бар. Бұл өсімдіктен жасалатын дәрілер жүрек, өт жолдарын емдеуге шипалы. Ол жағымды иіс беретін әрі антисептикалық зат ретінде сұйық дәрілердің, тіс тазалығыш ұнтақтардың құрамына кіреді.
Жөке ағашы
Оның ашық сары түсті, хош иісті уақ гүлдерінің қайнатпасы мен тұнбасы микробты құр-тады, ісік қайтарады, несеп жүргізеді. Шипа ретінде оны асқазан, ішек жолдары, бауыр, бүйрек, қуық ауруына да қолданып, қайнатпасын күйікке, жараға жағады, жө-ке гүлінің тұнбасы шашты бекітеді. Жиі кездесетін улы өсімдіктер Біздің жеріміздегі өсімдік-тердің қай-қайсы да шипалық қасиетке бай. Алайда олардың ішінде улы өсімдіктерді дәрі-дәр-мек ретінде пайдаланғанда аса сақтық, білімділік, тә-жірибелік қажет. Негізінен, біздің даламызда жиі кездесетін улы өсімдіктер мыналар: 1.Итсигек. 2.Көкнәр. 3.Сүтті-ген. 4. У қорғасын. 5.Шытыр. 6.Көкек. 7.Қызғалдақ. 8.Есекмия. 9.Қара пышақ, күшәла. 10.Үшкір азинеума. 11.Шашақ жемісті гелиотроп. 12.Батпақ қалтагүл шөбі. 13. Түйе шырмауық, түйе-табан. 14.Жатаған темір тікен. 15.Мүйізді шөңгебас. 16.Дала қылшасы. 17. Дала қырық буыны. 18.Тегеурінгүл. 19.У балдыр-ған. 20.Сасық меңдуана, т.б.
Комментарии
Комментариев пока нет
Пожалуйста, авторизуйтесь, чтобы оставить комментарий.