Благотворительность — оказание бескорыстной (безвозмездной или на льготных условиях) помощи тем, кто в этом нуждается. Основной чертой благотворительности является свободный и непринуждённый выбор вида, времени и места, а также содержания помощи.
Мүдделер қақтығысын реттеу жөніндегі ЕРЕЖЕ
« НазадБасқарма басшысының
2021 жылғы 28 мамырдағы
№ 85-ө бұйрығына
1-қосымша
Басқарма қарамағындағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының қызметінде мүдделер қақтығысын реттеу жөніндегі ЕРЕЖЕ
І. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже басқарма қарамағындағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – Орталық) қызметінде қолданылады және Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына, Басқарманың Ережесіне сәйкес әзірленді.
2. Осы Ереженің күші Орталықтың барлық жұмыскерлеріне, олардың атқаратын лауазымы мен атқаратын қызметтерінің деңгейіне қарамастан қолданылады.
3. Осы Ережеде келтірілген талаптар ең қажетті бастапқылары болып табылады және олар нақты бір жағдайда толық және/немесе шектеулі талаптар ретінде қарастырылмауы тиіс.
ІІ. Ереженің мақсаты мен міндеттері
1. Ереженің мақсаты – Орталық жұмыскерлерінің еңбек міндеттерін орындау барысында туындайтын мүдделер қақтығысын анықтау және реттеу тәртібін белгілеу болып табылады.
2. Ереженің міндеті - жұмыскерлердің жеке басы мүдделерінің, жеке мүдделілігінің олардың орындайтын еңбек функцияларына, қабылдайтын іскерлік шешімдеріне ықпалын шектеу.
ІІІ. Осы Ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
Мүдделер қақтығысын реттеу жөніндегі ереже - бұл Орталық жұмыскерлерінің еңбек міндеттерін орындау барысында туындайтын мүдделер қақтығысын анықтау және реттеу тәртібін белгілейтін Орталықтың ішкі құжаты.
Мүдделер қақтығысы – жұмыскердің жеке мүдделері олардың өз еңбек міндеттерін орындамауына және (немесе) тиісінше орындамауына әкелуі мүмкін және (немесе) осындай жеке мүдделілік пен орталықтың заңды мүдделері арасында қайшылықтың туындауына әкелетін немесе әкелуі мүмкін жұмыскердің жеке мүдделері арасындағы қайшылық немесе Орталықтың заңды мүдделеріне және (немесе) іскерлік беделіне зиян келтіруі ықтимал қайшылықтың туындау қаупі.
Жеке мүдделілік - Орталықтың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін материалдық немесе басқа қызығушылық.
IV. Орталықтағы мүдделер қақтығысын басқарудың негізгі қағидаттары
Орталықтағы мүдделер қақтығысын басқару жөніндегі жұмыстың негізіне келесі қағидаттар алынған:
- мүдделердің нақты немесе ықтимал қақтығысы туралы мәліметтерді ашудың міндеттілігі;
- әрбір мүдделер қақтығысын анықтау және оны реттеу кезінде Орталықтың беделіне нұқсан келтіретін тәуекелдерін жеке қарау және бағалау;
- мүдделер қақтығысы туралы мәліметтерді ашу және оны реттеу процесінің құпиялылығы;
- мүдделер қақтығысын реттеу кезінде орталық пен жұмыскер мүдделерінің теңгерімін сақтау;
- жұмыскер уақытылы ашқан және Орталық реттеген (алдын алған) мүдделер қақтығысы туралы хабарламаға байланысты жұмыскерді қудалаудан қорғау.
V. Орталық жұмыскерлерінің мүдделер қақтығысын ашу және оны реттеу тәртібі, оның ішінде туындаған мүдделер қақтығысын шешудің ықтимал тәсілдері
1. Мүдделер қақтығысын ашу рәсімі Орталықтың барлық жұмыскерлерінің назарына жеткізіледі. Мүдделер қақтығысын ашудың мынадай түрлері белгіленеді, оның ішінде:
- жұмысқа қабылдау кезінде мүдделер қақтығысы туралы мәліметтерді ашу;
- жаңа лауазымға тағайындау кезінде мүдделер қақтығысы туралы мәліметтерді ашу;
- мүдделер қақтығысы ахуалының туындау шамасына қарай мәліметтерді біржолғы ашу.
2. Мүдделер қақтығысы туралы мәліметтерді ашу жазбаша түрде жүзеге асырылады. Кейіннен жазбаша түрде белгілей отырып, бастапқыда мүдделер қақтығысын ауызша нысанда ашуға жол берілуі мүмкін.
3. Хабарламада мыналар көрсетіледі: а) хабарлама жолдаған Орталық жұмыскерінің аты, әкесінің аты, фамилиясы; ә) хабарлама жіберушінің лауазымы, ол жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшенің атауы; б) жағдай туралы ақпарат; в) Орталық жұмыскерінің жеке қызығушылығы туралы ақпарат; г) хабарламаны беру күні.
4. Орталық жұмыскері берген хабарламаға ол өз қолымен қол қояды.
5. Хабарлама кадрлар жөніндегі маманға беріледі және ол мүдделер қақтығысының туындағаны туралы хабарламаларды есепке алу журналына (бұдан әрі – Журнал) түскен күні тіркеледі. Журнал нысаны 2-қосымшаға сәйкес ресімделеді.
6. Мәліметте оның түскен күні және кіріс нөмірі туралы белгі қойылады. Хабарламаның көшірмесінде (жұмыскерге қайтарылады) хабарламаның алынған күні мен уақыты туралы жазбаша белгі жасалады.
7. Хабарламада қамтылған мәліметтерді қарауды және көрсетілген мәліметтерді тексеруді ұйымдастыруды комиссия ол келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүргізеді.
8. Кадрлар жөніндегі маман мен комиссия мүшелері хабарлама берген жұмыскер туралы мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз етуге тиіс (көрсетілген деректердің құпиялылығын сақтау жағдайды объективті қарауға және мүдделер қақтығысын шешуге кедергі келтіретін жағдайларды қоспағанда). Орталық үшін туындайтын тәуекелдердің ауырлығын бағалау және мүдделер қақтығысын шешудің ең қолайлы түрін таңдау мақсатында осыған уәкілетті лауазымды адам келіп түскен ақпаратты мұқият тексереді.
9. Орталықтың осы жұмысының нәтижесінде жұмыскер ұсынған жағдай мүдделер қақтығысы емес және нәтижесінде реттеудің арнайы тәсілдері қажет емес деген қорытындыға келуі мүмкін. Орталық сонымен қатар, мүдделер қақтығысы орын алды деген қорытындыға келуі мүмкін және оны шешудің әртүрлі тәсілдерін қолдана алады, соның ішінде:
- жұмыскердің жеке мүдделеріне әсер етуі мүмкін нақты ақпаратқа қол жеткізуін шектеу;
- Орталық жұмыскерінің мүдделер қақтығысы әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін мәселелер бойынша шешімдерді талқылауға және қабылдау процесіне қатысудан өз еркімен бас тартуы немесе оны шеттетуі (тұрақты немесе уақытша);
- жұмыскердің функционалдық міндеттерін қайта қарау немесе өзгерту;
- жұмыскердің Орталықтың мүдделерімен қайшылық туғызатын өзінің жеке мүддесінен бас тартуы. Мүдделер қақтығысын шешу тәсілдерінің келтірілген тізбесі толық болып табылмайды. Әрбір нақты жағдайда Орталықтың және мүдделер қақтығысы туралы мәліметтерді ашқан жұмыскердің уағдаластығы бойынша оны реттеудің өзге де нысандары табылуы мүмкін. Мүдделер қақтығысын шешкен кезде, бар жағдайларды ескере отырып, мүмкін болатын ең «жұмсақ» реттеу шарасын таңдау керек. Неғұрлым қатаң шараларды нақты қажеттілік туындаған кезде немесе «жұмсақ» шаралар тиімсіз болған жағдайда ғана қолдану керек. Мүдделер қақтығысын шешудің нақты әдісін таңдау туралы шешім қабылдаған кезде жұмыскердің жеке қызығушылығының маңыздылығын және осы жеке қызығушылықтың орталыққа зиян келтіруі ықтималдығын ескеру қажет.
VІ. Жұмыскерлердің мүдделер қақтығысын ашуға және реттеуге байланысты міндеттері
Ережеде мүдделер қақтығысын ашуға және реттеуге байланысты жұмыскерлердің келесі міндеттері белгіленеді:
- іскерлік мәселелер бойынша шешімдер қабылдау және өзінің еңбек міндеттерін орындау кезінде өзінің жеке мүдделерін, өз туыстарының және өзімен тікелей мүдделік байланыстағы өзге де адамдардың мүдделерін ескермей, Орталықтың мүдделерін басшылыққа алу;
- мүдделер қақтығысына әкелуі мүмкін жағдайлар мен жағдайлардан аулақ болу;
- туындаған (нақты) және ықтимал мүдделер қақтығысын ашу;
- туындаған мүдделер қақтығысын реттеуге жәрдемдесу.
VІІ. Туындайтын мүдделер қақтығысы туралы мәліметтерді қабылдауға жауапты лауазымды тұлға кадрлар жөніндегі инспектор болып табылады. Орталық өзіне ұсынылған мәліметтерді құпия қарау және мүдделер қақтығысын реттеу міндеттемесін алады.
2-қосымша
Мүдделер қақтығысының туындағаны немесе туындау ықтималдығы туралы хабарламаларды
ТІРКЕУ ЖУРНАЛЫ
Басталған күні: «____» ____________ 20__ ж.
Аяқталған күні: «____» ____________ 20__ ж.
р/с № |
Хабарлама № және тіркелген күні |
Хабарлама берген жұмыскер туралы мәліметтер (ТАӘ, лауазымы) |
Хабарламаны қабылдаған адамның ТАӘ, қолы |
Ескертпе |
|
|
|
|
|
Комментарии
Комментариев пока нет
Пожалуйста, авторизуйтесь, чтобы оставить комментарий.