Главная \ Новости и события \ Бүгін - Тәуелсіз Қазақстан әскерінің құрылған күні

Благотворительность — оказание бескорыстной (безвозмездной или на льготных условиях) помощи тем, кто в этом нуждается. Основной чертой благотворительности является свободный и непринуждённый выбор вида, времени и места, а также содержания помощи.

Сергей Иванов, глава фонда помощи детям.

Бүгін - Тәуелсіз Қазақстан әскерінің құрылған күні

« Назад

07.05.2017 08:24

 

Қадірлі әріптестер, қамқорлықтағы азаматтар!

 

 

«Бүгін - Тәуелсіз Қазақстан әскерінің құрылған күнін атап өтпекпіз. Мамырдың 7-сі - Отан қорғаушы мерекесі. Алда Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс мейрамы тұр. 
Тек соғыс уақытында ғана емес, бейбіт күннің өзінде де өз ерлері болатынын атап көрсеткен орынды. «Халқымызда «Ер - елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Біз жанымызда жүрген жандардың ержүрек істеріне сай сый-құрмет көрсете білсек, олардан өнеге алып өсетін жас ұрпақ Отанына адал қызмет етеді деп сенуіміз қажет.

Кез келген мемлекеттің қуаттылығы оның әскери, әлеуметтік немесе табиғи байлығында ғана емес, оның ұлттық рухани күштілігінде. «Отансүйгіштік, Отанға адалдық қазақстандық патриотизмнің қалыптасуына да өзінің септігін тигізеді. Мұндай ізгі қасиеттер біздің болашақ табыстарымыздың қайнар бұлағы болып табылады.

  Қасиетті де ұлы мереке қарсаңында Сіздерді Отан қорғаушылар күні - Қазақстан қарулы күштерінің құрылғанына 25 жыл толу мерекесі және Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Осыдан 72 жыл бұрын адамзат тарихында ең ауыр және қанды соғыстың соңғы оқтары атылды. Содан бері 1945 жылдың 9 мамыры жұртшылық жадында біздің халқымыздың ерлік үлгісі, мұқалмас қажырлығы мен мызғымастығының символы болып келеді.

Отан қорғаушылар жасаған ерліктер мәңгілік және уақыт ағысымен жоғалып кетпейді. Сол бір қаһарлы соғыс жылдары алыстаған сайын оның маңызын біз ерекше ұғына түсудеміз. Сондықтан да халық ұзақ күткен Ұлы Жеңісті жақындатуда майданда да, тылда да жанқиярлықпен күреске түскендердің барлығы айрықша құрметке ие, қаза тапқандардың рухына тағзым етеміз.

Аға ұрпақ алып берген Жеңіс бүгінгі күні де бізді жетістіктерге жігерлендіреді, жанымызға қуат береді, қиындықтарды жеңіп, алға ұмтылуымызға көмектеседі.

Біздің парызымыз — бұл алапат соғыстағы Жеңістің бізге қалай келгендігін ұғыну, қаза тапқандарды қадір тұтып, арамызда жүрген ардагерлерге ұдайы қамқорлық көрсету. Бүгінгі буын Жеңіс солдаттары алдында мәңгілік қарыздар, сондықтан да бізде аймақтық  ауқымда ардагерлерге жан-жақты әлеуметтік қолдау көрсету үшін барлық мүмкіндіктер жасалуда.

   Ардақты ардагерлеріміз елімізді жаудан ерлікпен қорғай білді. Ал бейбіт күндерде еліміз бен туған өлкеміздің игілігіне адал еңбек етті. Қандай шаруаға да белсене қатысты. Бүгінгі күні де біздің ортақ проблемаларымыздан шет қалмайды, даңқты ерлік дәстүрлеріне адалдық пен патриотизм, қаһармандықтың лайықты үлгісі болып келеді. Ұлы Жеңіс үшін, өшпейтін Ерлік үшін шынайы көңілден шыққан алғысымыз –ардагерлерімізге арналады.

   Қымбатты Мейірімдіктер! Сіздерге және отбасыларыңызға бақыт пен татулық, ізгіліктер мен игіліктер тілеймін! Табыстар мен сәттіліктер мол болсын! Шын көңілден денсаулық, тіршіліктің ұзақ та жарқын, алаңсыз күндерін, жан шуағын, жақын адамдарыңыздың қамқорлығы мен ықыласын тілеймін. Ержүрек және жігерлі адамдардың бұл мерекесі әрдайым қуаныш пен бейбіт күн әкеле берсін!

 

Ізгі тілекпен, орталық директоры

Раев Амантай Абдыкадырұлы


Комментарии


Комментариев пока нет

Пожалуйста, авторизуйтесь, чтобы оставить комментарий.

Авторизация
Введите Ваш логин или e-mail:

Пароль :
запомнить