Главная \ Новости и события \ Бүгін 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні

Благотворительность — оказание бескорыстной (безвозмездной или на льготных условиях) помощи тем, кто в этом нуждается. Основной чертой благотворительности является свободный и непринуждённый выбор вида, времени и места, а также содержания помощи.

Сергей Иванов, глава фонда помощи детям.

Бүгін 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні

« Назад

01.12.2021 09:00

2020_12_01_tkfcs     

    Қазақстандықтар Тұңғыш Президент күнін атап өтіп жатыр. Елімізде 1 желтоқсан демалыс күні болып саналады.

1991 жылы 1 желтоқсан күні Қазақстан тарихындағы тұңғыш жалпыхалықтық сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев жеңіп шықты. Сайлауға қатысқан халықтың 98,78 пайызы дауыс берді. 5-ші желтоқсан күні Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың соңғы қорытындысын жария етті. Ол бойынша республикадағы 21 сайлау округіндегі сайлаушылар тізіміне 9 961 242 азамат енгізілген. Олардың ішінде сайлауға 8 788 726 адам немесе 88,23% дауыс беруге қатысқан.

Сайлау нәтижесі бойынша Н.Назарбаевты қолдап сайлаушылардың 8 681 276-сы дауыс берген, бұл дауыс беруге қатысушылардың 98,78% пайызын құрады. Осылайша, Нұрсұлтан Назарбаев барша халық сайлаған Қазақстанның Президенті мандатын тұңғыш рет иеленді.

Тұңғыш Президенттің қызметіне ресми кірісуі мен Елбасының ант беру рәсімі 1991 жылдың 10 желтоқсанында өтті. Ал осыдан 6 күн өткенде Қазақстан Республикасы әлемге өз Тәуелсіздігін жариялады. 2011 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының бастамасымен "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" ҚР Заңына толықтыру енгізу туралы" ҚР Заңы қабылданған болатын.

Осы заңда 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесі болып белгіленді. Яғни бүгін Тұңғыш Президент күні осымен 9-шы  рет аталып өтеді.

Еске салайық, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Президенті өкілеттігін 19 наурызда тоқтатты.


Комментарии


Комментариев пока нет

Пожалуйста, авторизуйтесь, чтобы оставить комментарий.

Авторизация
Введите Ваш логин или e-mail:

Пароль :
запомнить