Благотворительность — оказание бескорыстной (безвозмездной или на льготных условиях) помощи тем, кто в этом нуждается. Основной чертой благотворительности является свободный и непринуждённый выбор вида, времени и места, а также содержания помощи.
Ата заң - еліміздің тірегі
« Назад
«Ата заң-еліміздің тірегі»
Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мемлекеттік мекемесінің «Мейірім» Жаркент арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 30 тамыз - «Қазақстан Республикасы Конституциясы күні» мемлекеттік меркесіне байланысты мәдени-концерттік бағдарлама салтанатты жағдайда өтті.
Меркелік іс-шараны жүргізушілер құттықтаумен ашқан соң салтанатты жағдайда Мемлекеттік Әнұран орындалды.
Мекеме директоры А. Раев құқықтарымыз бен бостандықтарымыздың басты кепілі болып табылатын Конституциямыз туралы қысқаша баяндай келе қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтап, игіліктер тіледі.
Сонымен бірге әлеуметтік мекемеде ұзақ жылдар жемісті еңбек етіп, зейнеткер атанған мекеме қызметкерлері Ғ. Жанпейсова мен С. Лебедеваны еңбегінің зейнетін көріп, отбасында тек жақсылықтың шапағатына бөленуді тілеп, оларды «Құрмет грамоталарымен марапаттай отырып» иықтарына шапан жауып, ақ орамал сыйлады. Әріптестері гүл шоқтарын сыйлады. Аталған ақ жаулықты абзал аналардың аналық қамқорлығы мен мейіріміне бөленген қызмет алушылардың олардың мойындарына алқа тағып, ізгі тілектерін білдіруі көпшіліктің жан дүниесін тебіренткен керемет көрініс болды.
Мекеменің мәдени қызметкерлері мен қызмет алушылардың бірлескен мәдени-концерттік бағдарламасы жоғары деңгейде өтті.
Қорыта айтқанда, аталған мерекелік іс-шара жасампаз болашаққа жарқын жол ашатын елдігіміздің басты тірегеі саналатын Конституциямыздың Жаңа һәм әділетті Қазақстан құруға, еліміздің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және рухани дамуына даңғыл жол ашатынына мекеме ұжымының сенімі зор екендігінің айқын көрінісі болды десек те болады.
Бекмұхамет СЕРІКБАЕВ,
«Қазақстанның Заңгерлер және Журналистер Одақтарының мүшесі», мекеме заңгері
Комментарии
Комментариев пока нет
Пожалуйста, авторизуйтесь, чтобы оставить комментарий.