Благотворительность — оказание бескорыстной (безвозмездной или на льготных условиях) помощи тем, кто в этом нуждается. Основной чертой благотворительности является свободный и непринуждённый выбор вида, времени и места, а также содержания помощи.

Сергей Иванов, глава фонда помощи детям.

Астана күні

« Назад

04.07.2022 00:00

1991 жылы Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін, ел астанасын оңтүстіктен орталыққа қарай көшіру мәселесі көтерілді. Қазақстанның сол кездегі президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен елдің жаңа астанасын орналастыруға оңтайлы қаланы анықтау мақсатында республиканың бүкіл аумағы мұқият зерттелді. Талдау қорытындылары барлық нұсқаның ішінен ең қолайлысы Ақмола қаласы екенін көрсетті.

Жаңа астананың ресми тұсаукесер тойы 1998 жылдың 10 маусымына белгіленді. Бұл күн 2006 жылға дейін астананың туған күні ретінде мерекеленіп келді.

Кейінірек парламент депутаттары заңға тиісті түзетулер енгізіліп, мемлекеттік мейрамның датасы 6 шілдеге ауыстырылды.

     2022 жылдың шілде айының 4-і күні «Мейірім» Жаркент арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы КММ –де Астана күніне орай іс-шара ұйымдастырылды. Мемлекеттік әнұран орындалған соң, алғашқы сөзді орталық директоры А.А.Раев құттықтау сөзібен бастады. Қызмет алушылар мен қызметкерлердің тарапынан әдемі әндер шырқалып, би биленді. Қатысушылар қызмет алушыларға мерекелік көңіл күй сыйлады.

 «Астана – отанымыздың жүрегі, тәуелсіздіктің тірегі». Егер біз бабаларымыздың қанымен келген тәтті сыйымыз тәуелсіздікті ұлы жетістігіміз деп есептесек, елордамыз соның ең асқақ жемісі. Ол –Қазақ деген абыройлы елдің атағын асқақтата түскен биік қамал, тәуелсіздіктің символы. Ол –отанымыздың жүрегі, бейбіт елдің баға жетпес байлығы.


Комментарии


Комментариев пока нет

Пожалуйста, авторизуйтесь, чтобы оставить комментарий.

Авторизация
Введите Ваш логин или e-mail:

Пароль :
запомнить