Главная \ Новости и события \ Апат айтып келмейді

Благотворительность — оказание бескорыстной (безвозмездной или на льготных условиях) помощи тем, кто в этом нуждается. Основной чертой благотворительности является свободный и непринуждённый выбор вида, времени и места, а также содержания помощи.

Сергей Иванов, глава фонда помощи детям.

Апат айтып келмейді

« Назад

03.05.2021 09:00

Апат айтып келмейді

Көктемде күннің тез арада қатты ысуы су тасқынына әкеп соғады. Сондай ақ, қатты жел соғып ағаштар құлап, шатырларды жұлып кетеді. Кейінгі уақытта өте көп апаттар болуда, көбінесе өрт қауіпсіздігін сақтамағаннан орын алып жатыр. Өрт – бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы. Оның ішінде басты 4 себепті айтуға болады: 1. Отты абайсыз қолдану; 2. Пештің ақаулығы; 3. Электр желілері мен құралдарын пайдалануда өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау; 4. Балаларды қараусыз қалдыру болып табылады. Ең бастысы, үйде от жағылып, қыс бойы пайдаланылатын пеш ақаулы болса, онда ол өрттің баспанада орын алуына бірден - бір себепші. Үйдегі пешке аса үлкен жауапкершілікпен қарау керек. Пеш жаздың күні міндетті түрде жөндеуден өткізілуі тиіс. Балаларға пешті қарауға және жағуға тиым салынады. Үйдегі пештін ыс шығып балалардың өлімі бойынша былтырғы жылы Қазақстанда 2 қайғылы оқиға орын алды.
        Өрт оқиғаларына басты себепшілердің бірі газ баллондарды пайдаланудағы өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау болып отыр. Газ баллоны өртке қауіптілігімен бірге, үйде жарылысқа себепші болып, үлкен апатқа да соқтыруы мүмкін.

Екінші себепші электр желісі және өрт қауіпсіздік ережелерін бұзуы болып табылады. Үйге жарық тартқан кезде, көбінесе, оның дұрыс орнатылуы ескеріле бермейді. Ескірген сымдарды қолдану да кездеседі. Осы жәйттардың барлығы аяғында өртке әкеп соқтырады.

Өрттің шығуына адамдардың да салғырттығынан орын алып жатады, көкке демалысқа шыққан сәттерде тұтатқан отты дұрыс өшірмеу салдарынан орманды өртке орайды.

 Қайғылы оқиғалардың орын алмауы үшін: әр жанұяда қауіпсіздік ережелеріне үлкен жауапкершілікпен қарап, тәлім-тәрбие беріп отыру қажет. Салғырттыққа бой алдырмау керек. Себебі апат айтып келмейді.

 

17_Pavodki_1 (1)


Комментарии


Комментариев пока нет

Пожалуйста, авторизуйтесь, чтобы оставить комментарий.

Авторизация
Введите Ваш логин или e-mail:

Пароль :
запомнить