Благотворительность — оказание бескорыстной (безвозмездной или на льготных условиях) помощи тем, кто в этом нуждается. Основной чертой благотворительности является свободный и непринуждённый выбор вида, времени и места, а также содержания помощи.
Алғыс айту күні- татулық пен келісім саясатының символы
« НазадАлғысымыз шексіз.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні ретінде жариялап, тарихи маңызы зор № 123 Жарлыққа қол қойған болатын.
Егемендік алған еліміз жыл өткен сайын еңсесін биіктетіп келе жатқаны тәуелсіздігімізді баянды еткен әлемдік деңгейдегі сарабдал саясаткер Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың әлемге үлгі боларлық сындарлы саясаты десек қателеспейміз.
Мемлекет құраушы қазақ халқымен бірге жүзден астам ұлт диаспорасын айрандай ұйытып, олардың тілін, дәстүрін, дінін, әдет-ғұрпын сақтауда әлемде теңдесі жоқ Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымын құрып, оны басқаруды көрегендікпен жүзеге асырып келе жатқан Елбасымымыздың ерен еңбегін орынды мақтаныш ете отырып бағалай білуіміз керек деп есептеймін. Алғыс айту күні туралы: «Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған күн-1 наурызды жыл сайын барлық этностардың бір біріне мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Ол күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді»-деген ұлағатты сөзін әр ұлт диаспорасының өкілі санасымен түсініп, қазақтың қасиетті қара шаңырағын, тілін, әдет-ғұрпын лайықты құрметтесе олардың кішірейіп қалмасы анық еді.
Облысымыздың Қаратал ауданында зұлмат заманның қасіретін тартып, жер аударылып қазақ жерінен пана тауып, аман қалған кәріс ұлтының «Қазақ халқына мың тағзым» атты ескерткіш орнатуының өзі есіктен кіріп «төр менікі» деп, сырттағы айтаққа еріп кеудесіне нан пісіп, өрекпігендерге пейілі Ұлы Даласындай дарқан қазақты құрметтеудің нағыз үлгісң десек әбден болады. Әлемнің ең дамыған өркениетті елдері-Германияда, Жапонияда, Францияда, Норвегияда, Швецияда тағы басқаларында өз мемлекет құраушы ұлтының барлық құндылықтарын басқа ұлт диаспоралары ерекше құрмет тұтады, мемлекеттік тілді білмегенге, салт-дәстүріне атүсті қарайтын өзге ұлт өкіліне ол мемлекетте мемлекеттік қызмет пен тұрғылықты орын жоқ екені баршаға аян. Қазақтың кеңпейілділігін «жалпақшешейлікке» балағандарға билік пен құқық қорғау органдары тарапынан тиым салатын кез жетті деуге болады.
Сондықтан Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге, татулыққа, сыйластыққа бағытталған «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы-еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні мен Алғыс айту күні айтулы мерекелеріне орай «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Мейірім» Жаркент арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында аудандық, қалалық кітапханалар мен «Жаркент әуендері» ансамблінің мүшелерінің қатысуымен «Алғысымыз шексіз» атты мәдени-концерттік шара өтті.
Қос қызғалдақтай жүргізуші қыздар жырмен өрнектей жүргізген шарада алғыс пен ризашылыққа лайықты қызмет көрсетіп жүрген мекеменің барлық қызмет алушыларын, қызмет көрсетушілерін сондай-ақ аяулы қыз-келіншектерін 1 наурыз-Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Алғыс айту күні мерекесімен құттықтап өтіп, күнделікті ауыр еңбектері қайырымдылық пен риясыз махаббатқа толы жандарға өз мекемелерінің басшылығы атынан ізгілікке толы ақжолтай тілектерін жеткізді. Жаркенттік талантты жас әншілер Е. Батырғалиев «Алға, Қазақстан», Р. Смаилова «Алғыс», дуэтте «Дүние-ай», кітапхана қызметкері К. Илимахунова «Анамның жаққан ошағы» атты әндері көпшілік көңілінен шықты.
Балалар кітапханасының меңгерушісі Г. Ибраимова адамзаттың данышпаны ұлы Абайдың шығармаларынан көшпелі кітап көрмесімен, Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы ақпараттық құралдармен мекеме қызметкерлерін кеңінен таныстырды.
Аудандағы Әулиеағаш ауылының 2010 жылы мектеп бітірген сыныптас жастар ниет білдіріп, орталықтағы ғаріп жандарға сый-сияпат ала келіп, өз қолдарымен табыстады.
Орталық мәдениет үйінде мерекелік концерт ұйымдастырылып, қызмет алушылар қатысты. Ал аудандық әлеуметтік сала басшысы Азат Жақыбайға аудан әкімі алғыс айтып, шапан жауып, зейнеткерлікке шығарып салды.
Мекеме басшылығы айтулы шараны жоғары деңгейде өткізіп, мол рухани азық сыйлаған мәдениет саласының қызметкерлеріне алғыс айтып, ризашылықтарын білдірді. Маңызды шара соңы барлық қатысушылардың тарапынан естелік суретке түсіп, тартымды спорттық шараларға қатысумен және би сағатымен аяқталды.
«Мейірімдіктер»
Комментарии
Комментариев пока нет
Пожалуйста, авторизуйтесь, чтобы оставить комментарий.