Благотворительность — оказание бескорыстной (безвозмездной или на льготных условиях) помощи тем, кто в этом нуждается. Основной чертой благотворительности является свободный и непринуждённый выбор вида, времени и места, а также содержания помощи.
Ағзаға қажетті дәрумендер туралы түсінік
« НазадАғзаға қажетті дәрумендер туралы түсінік
Дәрумендер (Витаминдер) дегеніміз – барлық тағам мен азық – түлік өнімдерінде, жем -шөпте шағын мөлшерде ғана кездесетін, ал адам мен жануарлар ағзасында бірқалыпты тіршілік үшін өте қажет төменгі молекулала органикалық заттар. Астық құрамында витаминдер аз мөлшерде кездескенімен, олардың ағзаға тигізетін әсері өте үлкен.
Қазіргі кезде көпшілік адамдардың ерте көктемде әл-қуаты кеміп, тез шаршап-шалдығып, ағзаның әлсіреуінің ең басты себебінің бірі – адам ағзасына қажет витаминдердің жетіспеуі екендігі дәлелденіп отыр.
Витаминдердің адам ағзасы үшін биологиялық мәні өте зор. Олар ағзадағы зат алмасу процестерін жақсартады, ағзаның әр түрлі жұқпалы ауруларға қарсы күресу қабілетін күшейтеді және адамның жұмыс істеу қабілетін жақсартады. Сонымен қатар әрбір витаминнің ағзада ерекше орындайтын өз міндеті бар.
Жүргізілген ғылыми жұмыстардың қорытындыларына қарағанда, ой жұмысымен шұғылданатын адамдардың ағзасы қара жұмыспен айналысатын адамдармен салыстарғанда витаминдерді әсіресе С витамині мен В тобының витаминдерін көбірек қажет етеді екен. Сол себепті көктемде витаминдерді мол тағамдарды жиірек пайдаланған жөн. Бұл мезгілде кептірілген итмұрын жемісінің тұндырмасын, сонымен бірге басқада жеміс-жидектердің шырындары мен қайнатпалары асқа көбірек пайдаланған тиімді. Тамаққа қосып көк пиязды және де ашытқан капусталарды жеу қажет. Себебі, бұл тағамдардың құрамында әр түрлі витаминдер мол болады, әрі ұзақ жақсы сақталады.
Басқа тағамдарға қарағанда сүтте жеткілікті мөлшерде көптеген витаминдер бар және олар ағзаның тұрақты да негізгі қайнар көзі ретінде ерекше орын алады. Барлық витаминдер ағзаға комплексті әсер етіп, бірін-бірі толықтырады. Олар ағзада жетіспесе, зат алмасу бұзылып, денсаулықтың нашарлауына әкеп соқтырады.
Негізгі қоректік заттармен (белоктар, майлар, көмірсулар, минерал тұздары ) салыстырғанда ағза витаминдерді тым аз мөлшерде қажет етеді. Ересек адамның тәулігіне пайдаланатын әртүрлі тағамдарындағы витаминдердің орташа мөлшері микрограммен есептеледі.
Сөйтіп витаминдер - әр түрлі химиялық жаратылыстың органикалық қосылуы, тағамның басқа ештеңемен алмастыруға болмайтын заттары.
Комментарии
Комментариев пока нет
Пожалуйста, авторизуйтесь, чтобы оставить комментарий.