Главная \ Новости и события \ Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы

Благотворительность — оказание бескорыстной (безвозмездной или на льготных условиях) помощи тем, кто в этом нуждается. Основной чертой благотворительности является свободный и непринуждённый выбор вида, времени и места, а также содержания помощи.

Сергей Иванов, глава фонда помощи детям.

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы

« Назад

24.02.2020 14:09

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған

 «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» атты әдеби-сазды кеш «Мейірім» Жаркент арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында ұйымдастырылды.

 

      Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл-мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп оқу; көркем сөйлеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесуді мақсат етіп ұйымдастырылған шара көпшілік көңілінен шықты.

    Экранда Абай портреті, тарихи деректер, ұлағатты сөздер көрсетіліп отырды.

      Көп адам дүниеге бой алдырған,

      Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,

      Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,

      Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, – деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 175 жыл бойы өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек.

Ол өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды, Абай – лебі, Абай – үні, ана тынысы – заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді.

  Сахнаға Абай образын сомдаған мәдениет ұйымдастырушысы Қуаныштың келбеті ұқсастығымен де, шынайылығымен де ерекше әсер етті.

-Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма,- деп жырмен үн қатқан Абай /Қуаныш/  көрінісі көрерменнің қошеметіне ұласты. Ал қызмет алушылар кезекке тұрып, Ұлы Абай өлеңдерін таласа оқыды. Әндерін шалқыта салды. Ал сахна төрінде Әйгерім құйған қоңыр шәйді сүйсіне ішіп, шығармашылықпен айналысып, ойға шомған Абай образы, дастархан басындағы әдемі сәт кеш бағдарламасына әрекше сән қосып отырды.

 Әрине, Абай туралы айта беру артық емес. Бір қарағанда таныс тақырып, таныс бейне секілденгенмен, ол туралы білетініміз тым азу. Ұлылықтың сырына қанық болғымыз келсе, даралықтың қандай болатынын ұғынғымыз келсе, дана Абай әлемін шарлау қажет.

  Ұлы ақын, ағартушы Абай музыкалық саласында да айта қалғандай мұра қалдырды. Өзінің асыл өлеңдерін, қара сөздерін қағазға түсіріп, кейінгі ұрпаққа жазып қалдырса, музыкалық жөнінде оның мұндай мүмкіншілігі болмады. Өйткені, Абай өмір сүрген көзеңде қазақта музыканың жазба мәдениеті жоқ еді, халықтық музыка ауыздан ауызға, дәстүрлік қалыпта еді. Сондықтан Абай әндері де қазақтың басқа халықтық ән-күйлері сияқты, заманнан-заманға ауыса отырып жетті. Музыка саласында жазба мәдениеттің болмауына қарамастан, Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі – олардың халықтың жүрегінде сақталуға сапасы сай келетін шығармалар болғандығында, халық санасынан өшпес орын алғандығында. Абай әндерінің өзгешелігі – мелодиялық, ырғақтық жақтарындағы жаңалықтарында, идеялық мазмұнының ашықтығында болды.

Өлді деуге сия ма айтыңдаршы,

Өлмейтұғын артында сөз қалдырған».

«Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс», – дейді Еліміздің тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаев.

   Орыстар үшін – Пушкин, ағылшындар үшін – Шекспир, грузиндер үшін – Руставели қандай ұлы құбылыс болса, қазақтар үшін Абай да сондай теңдессіз құбылыс (К. Кулиев).

     Абай Құнанбаев қазақ әдебиеті поэзиясындағы шоқтығы биік, дара да, дана тұлға. Абай қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етті. Ақын жас ұрпаққа терең ойға толы алуан өлеңдер үлгісін қалдырды.

    Осы бір кештен бастау алған іс-шара жыл бойы жалғасын таба бермек.

 

«Мейірімдіктер»

  

 

Ұлы Абай мерекесіне-1 Ұлы Абай мерекесіне-2


Комментарии


Комментариев пока нет

Пожалуйста, авторизуйтесь, чтобы оставить комментарий.

Авторизация
Введите Ваш логин или e-mail:

Пароль :
запомнить