Главная \ Новости и события \ 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні!

Благотворительность — оказание бескорыстной (безвозмездной или на льготных условиях) помощи тем, кто в этом нуждается. Основной чертой благотворительности является свободный и непринуждённый выбор вида, времени и места, а также содержания помощи.

Сергей Иванов, глава фонда помощи детям.

8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні!

« Назад

04.03.2022 12:23

8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні!

8 Наурыз - әлемнің көптеген елдерінде Халықаралық әйелдер күні болып табыладыҚазақстан да бұл тізімнен шеттемейді. Қазақстанда бұл күн мереке және демалыс күні болып табылады. Көптеген ұйымдарда, әйелдерге арналған мерекелік іс-шаралар өткізіледі. Әйел азаматшаларға әрқашан әдемі, ақылды және де өз ісінің кәсіби шебері болуын тілейміз. Бұл күн тарихта жұмыс істейтін әйелдердің теңдік үшін ынтымақтастығы мен азат ету үшін күрес ретінде пайда болған.

       Бүгінгі таңда 8 Наурыз мерекесі Қазақстанмен қоса барлық посткеңестік мемлекеттерде тойланады. Бірақ қазіргі кезде саяси мағынаны білдірмейді. Бұл күн барлық әйелдердің күні және махаббат, сұлулық пен мейірімділіктің шырқалатын кезі.

       Осы  көктемнің күнінде айналадағының барлығы күлімдеп, қыз-келіншектердің сұлу да нәзік кейіптерімен таласатындай көрінеді және аталған мерекемен аналарды, қыз-келіншектерді, қарындастарды, әпкелерді құттықтап, сыйлықтар сыйлайды.

         Бұл күнді мерекелердің патшаймы, өмірдің ханшайымдарының күні деп есептеймін. Данышпанды да дараны, асылды да батырды да дүниеге әкелген аналарымыздың қуанышына бөлейтін әсем күнді жай ғана мереке емес патшайымдар күні дер едім. Әрбір ана өз баласы үшін патшайымен тең емес пе. Сондықтан да мен асыл анамның мерекесі, қаракөз қарындасымның көз қуанышы мен үшін мереке емес патшайымдар мен ханшайымдар күні.

«Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды». Расында да, анамыз барда жасымыз жүздің асуынан асса да, өзімізді әрқашан бейкүнә сәбидей сезінеміз. Небары үш-ақ әріптен құралған сөзде қаншама мән-мағына жатыр. Түн ұйқысын төрт бөліп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, әрдайым баласы үшін шыр-пыр болып жүретін анамыздың жұмақ иісі аңқыған, балдай тәтті ақ сүтінің алдында мәңгілік қарыздармыз. «Анаңды үш рет Меккеге арқалап апарсаңда ақ сүтін ақтай алмайсың» деген халық даналығы бұл сөзімнің айғағы болмақ.

Ана жайлы ойыңды айтып тауысу мүмкін емес. Әркімнің өз анасына деген құрметі, махаббаты шексіз. "Анаңның ақылы жүздеген ұстаз, мың сан мектептен артық тәрбие", - деген ұлағатты сөз бекерден бекер айтылмаса керек. Себебі, қандай тәлім–тәрбие беріп, сені алтын мен аптап, күміспен күптеп қойса да, анаңның берген ақылы мен жылы алақанына ештеңе татымайды. Қорыта айтқанда, барлық адам баласы ана алдындағы перзенттік парызын өтеп, ақ сүтін ақтап, осы киелі жандардың бақытты болуын ойлау керек. Себебі, ең бақытты адам – анасы бар адамдар. Сондықтан да сіз амалдарыңыз жазылған жеке кітаптың авторысыз. Кітабыңыздың ұлы сот күні оқуға тұрарлық екеніне көз жеткізіп, ана - бақыт деген кітаптың бірінші парағы екенін ұмытпағайсыз. Себебі, Пайғамбарымыздың өзі, "бірінші анаңды, екінші анаңды, үшінші тағы да анаңды сыйла" деген екен.

Әйел-Ана, Әйел-Өмір, Әйел-тіршілік өзегі. Өмір бесігінде іңгә тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашанда қастерлі, сөзі-өсиет, тұғыры биік. Алтын құрсағынан адамзаттың алабы жаратылған асыл ананың жүрегі үлкен, жүзі мейірімді, қолы қайырымды. Көңіл шуағына мейірім төгілген аяулы жанның өмірден алар несібе жемісі-алтын босағасы мен сүйкімді перзенті болар. «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызыңнан құтыла алмайсың» деген ұлы ғұламалардың сөзі бар. Шынымен солай. Адамзат жүріп өткен небір ауыр жол, алмағайып заманнан ұрпағын аман-есен бүгінгі күнге жеткізген әйел-ана құдіретін жырмен өрнектеп, әнмен әлпештеп, сөзбен айтып тауысу мүмкін емес.

открытка-8-марта-17


Комментарии


Комментариев пока нет

Пожалуйста, авторизуйтесь, чтобы оставить комментарий.

Авторизация
Введите Ваш логин или e-mail:

Пароль :
запомнить