Благотворительность — оказание бескорыстной (безвозмездной или на льготных условиях) помощи тем, кто в этом нуждается. Основной чертой благотворительности является свободный и непринуждённый выбор вида, времени и места, а также содержания помощи.
4 маусым – мемлекеттік рәміздер күні
« Назад
Мемлекеттік рәміздер-елдігіміздің белгісі.
Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Мейірім» Жаркент арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі 320 мүмкіндігі шектеулі қызмет алушыға мемлекеттік стандартқа сәйкес арнайы қызметтерді көрсететін ерекше сипаттағы облысымыздағы ең ірі әлеуметтік мекеме болып есептеледі.
2019 жылдың 4 маусымында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні» мемлекеттік мерекесіне орай орталықта салтанатты шараны жүргізген орталық қызметкері Ш.Селижова ерекше безендірілген аулада ұйымдастырылған шараны ашық деп жариялап, мерекенің маңызына қысқаша тоқталып өтіп, қатысушыларды құттықтаған соң, салтанатты жағдайда мемлекеттік Гимн орындалды. Орталықтың гүлге оранған ауласының төрінде мемлекеттік рәміздеріміз айбынымызды асқақтатып тұрды.
Орталық директоры А.Раев айтулы шараға қатысушыларды мерейлі мемлекеттік мерекемен құттықтап «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы №258 конституциялық заңына сәйкес осы күннің тәуелсіз ел тарихында мемлекеттік мереке болып ел аумағында ерекше аталып өтетіні, заңдағы мемлекеттік рәміздер-Ту, Елтаңба, Гимн туралы тартымды түсініктеме беріп, олардың еліміздің беделі, тәуелсіздігіміздің символы екендігін, жүректері Қазақстаным деп соғатын әр азаматтың мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеуі Ата Заңымызбен белгіленгенін айтып, қатысушыларды мемлекеттік рәміздер күні, алдағы ораза айт мерекелерімен құттықтап, қатысушыларға ізгі тілегін білдірумен бірге 9 маусым-Қазақстан Республикасының Президентінің сайлауына белсене қатысып, өз азаматтық позициясын айқын білдіруге шақырды.
Құттықтау сөзді жалғастырған орталық қызметкерлері –жастардың арнайы дайындалған мерекелік флешмобы және мерекелік тақырыпқа сай әсерлі жыр шұмақтарымен өрнектелгені ерекше тартымды шықты. Қ.Айтбергеннің «Қазақстан-қыран далам», Е.Жукованың «Желтые тюльпаны», А.Әкебасованың «Анаға хат», В.Кожемякиннің «Хмыльная сирень», М.Жасболаттың «Туған жер», М.Ноғаеваның «Туған өлке», Қ.Айтберген мен М. Жасболаттың «Туған ел» әндері, жас өнерпаз Г. Еркіннің «Қазақ биі», «Өзбек биі» билері мерекенің сән-салтанаты мен мазмұнын ерекше түрлендіріп жіберді.
Мемлекеттік рәміздер-елдігіміздің белгісі, ал шуақты шаралар жүрегімізде жарқын болашаққа деген сенімімізді нығайтып қана қоймай, туған елге деген мақтаныш сезімін молайтып, әр бір жанның өз еліміздің болашағы жолында жауапкершілікті арттыратыны сөзсіз.
Бекмұхамет СЕРІКБАЕВ,
Қазақстанның Заңгерлер және Журналистер Одағының мүшесі.
Комментарии
Комментариев пока нет
Пожалуйста, авторизуйтесь, чтобы оставить комментарий.