Главная \ Новости и события \ 4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні

Благотворительность — оказание бескорыстной (безвозмездной или на льготных условиях) помощи тем, кто в этом нуждается. Основной чертой благотворительности является свободный и непринуждённый выбор вида, времени и места, а также содержания помощи.

Сергей Иванов, глава фонда помощи детям.

4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні

« Назад

04.06.2017 12:32

 

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

 

   4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні            

     1992 жылғы 4 маусымда Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Сондықтан бұл күн ел тарихында жаңа Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады. Мемлекеттік рәміздер – мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық белгілер. Мемлекеттік рәміздер- Көк байрақ, Елтаңба және Әнұран. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес, жыл сайын 4 маусым Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді. Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі. Сондықтан республика азаматтарының мемлекеттік рәміздерді қастерлеуі - парыз. Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов. Рәмiздiк тұрғыдан мемлекеттік елтаңбасының негiзi - шаңырақ. Ол - елтаңбаның жүрегi. Шаңырақ - мемлекеттiң түп-негiзi - отбасының бейнесi. Шаңырақ - Күн шеңберi. Шаңырақ - киiз үйдiң күмбезi көшпелі түркілер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Ал елтаңбадағы тұлпар бейнесі қандай мағына береді? Тұлпар - дала дүлдiлi, ер азаматтың сәйгүлігі, желдей ескен жүйрік аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар - қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар уақыт пен кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз елтаңбаның тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Туы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. Тудың авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков. Мемлекеттік ту - көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлетін тұста ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек - алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. Бiрыңғай көк түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бірлік, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Ал неліктен туымыздың түсі көк? Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде «көк» сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркі халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн - қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн - уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс - бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран Қазақстанның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi. Мемлекеттік әнұранның сөзін Қазақстан Республикасының әр азаматы жатқа білуі тиіс. Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның әнұраны президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша, 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды. Әнін жазған – композитор Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар – Нұрсұлтан Назарбаев пен Жұмекен Нәжімеденов. 

   Құрметті әріптестер! Ел мақтанышы рәміздеріміз біздің өзге елдер алдындағы абыройымыз. Ал осы абыройымызды аяққа таптатпай қорғай білейік. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Мереке құтты болсын!

«Мейірім» орталығының директоры      Амантай Раев


Комментарии


2017-06-05 14:32:12 Канат ДосмаиловКанат Досмаилов #
Құрметті Мейірімдіктер!
Заманның ағысымен күн сайын түрленіп, көркейіп келе жатқан сіздердің мекеме келбетіне сүйсіне қараймыз. Бұл интернат үйі ғана емес – демалыс орны, санаторий сияқты.
Еңбектеріңізге табыс, шығармашылық жетістіктерге жете беріңіздер! Қызмет алушыларыңыз жаңа жетістіктерге жетіп қуанта берсін!
1-маусымда өткен аудандық марафонда қамқорлықтағы Цой Владимир жүгіруден озық нәтиже көрсетті. Марапаттарыңыз құтты болсын!

Құрметпен,
Досмаилов Қанат.
Пожалуйста, авторизуйтесь, чтобы оставить комментарий.

Авторизация
Введите Ваш логин или e-mail:

Пароль :
запомнить